Домбырамның қос ішегі Мұңлығым мен Зарлығым,

         Домбыраның өн бойында менің барлық тағдырым.

         Міне осы домбырамен Ақан айтқан зар мұңын,

         Домбыраның шанағына сақтай білген барлығын.

 Дәулескер дарын, сырбаз сазгер, арқалы ақын, дүлділ әнші – Ақан сері Қорамсаұлының 180 жылдығына орай ұйымдастырылған республикалық «Ақаннан әуелеген әсем ән» дәстүрлі   әншілер  байқауы аяқталды. Байқауға  12 жаспен 25 жас аралығындағы 40 тан астам  өнерпаз Ақжігіт Қорамсаұлының әндерін нақышына келтіре шырқай отырып өз бақтарын сынады.  Байтақ Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген өнерпаздар жас-жасына байланысты сараланды.

12-15 жас, 16-19 жас, 20-25 жас болып үш топқа бөлінген әншілер Көкшетау шаһарын әнге бөлеп, кешегі сал мен серілердің әншілік дәуірінің керуенін кері жылжытқандай әсер қалдырды. Байқау жоғары деңгейде өтіп, гала концертке келген көпшілік өздерінің қуанышты эмоциясын жасырмады.

  • «Балалар» — 12-15 жас аралығындағы қатысушылар арасынан

 Бас жүлде ақшалай сыйлықпен — Нүптеке Іңкәр Нұрманқызы (Астана қ., Қазақ ұлттық өнер универститетінің колледжі)

1-орын  ақшалай сыйлықпен – Рамазан Томирис (Астана қ., Роза Бағланова атындағы №2 БММ)

2-орын ақшалай сыйлықпен – Дауталина Дина Нурлановна ( Ақтөбе қ .,  №8 ОМ)

3-орын ақшалай сыйлықпен —  Қабиденов Дидар Азаматович (Көкшетау қ., Біржан сал атындағы музыкалық колледжі)

  • «Жасөспірімдер» — 16-19 жас аралығындағы қатысушылар арасынан

 Бас жүлде ақшалай сыйлықпен – Мадетхан Айдын (Астана қ., Қазақ ұлттық өнер универститетінің колледжі)

1-орын ақшалай сыйлықпен — Қыдырханова Тахмина Медеухановна (Өскемен қ., Ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер училищесі) АЙТУ КЕРЕК ЖОЛ ЖҮРІП КЕТТІ ДЕП

2-орын ақшалай сыйлықпен –  Бримжанов Расул Куатович (Ұлытау облысы «Жезқазған музыкалық колледжі» КМКҚ)

3-орын  ақшалай сыйлықпен – Тұрсынғазы Досхан Сұңқарұлы (Абай облысы, «Семей қ., Мұқан Төлебаев атындағы музыкалық училище»)

 «Жастар» — 20-25 жас аралығындағы қатысушылар арасынан

Бас жүлде ақшалай сыйлықпен —  Төкенов Қуандық Қуатұлы (Қарағанды обл, Бұхар жырау ауданы)

1-орын ақшалай сыйлықпен —  Әлбосын Таңнұр  (Көкшетау қ., Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжі)

2-орын ақшалай сыйлықпен – Сергазина Ақниет Шоханқызы (Астана қ., Қазақ ұлттық өнер универститетінің колледжі)

3-орын ақшалай сыйлықпен Тұрабекова Кәмшат Бердібекқызы (Астана қ., Қазақ ұлттық өнер универститетінің колледжі)

Келесі қатысушылар төмендегі аталымдармен марапатталады

 «Құлагер» аталымымен ақшалай сыйлықпен – Қажкен Мұрат (Солтүстік Қазақстан облысы, «Ермек Серкебаев атындағы өнер колледжі – өнерде дарынды балаларға мамандырылған мектеп-интернат кешені» КММ)

  «Маңмаңгер» аталымымен ақшалай сыйлықпен – Нұрмолдаев Данияр Ербосынович ( Алматы қ., П.И.Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжі)

  «Майда қоңыр» аталымымен ақшалай сыйлықпен – Нұрғалиұлы Азамат (Ұлытау обл. «Жезқазған музыкалық колледжі» КМКҚ

 «Балқадиша» аталымымен ақшалай сыйлықпен – Халық Гаухар Азаматқызы (Астана қ., Қазақ ұлттық өнер универститетінің колледжі)

 «Мақпал»  аталымымен ақшалай сыйлықпен — Тавлетеева Агиля (Павлодар обл., Экибастуз қ., Естай атындағы балалар музыкалық мектебі)  АЙТУ КЕРЕК ЖОЛ ЖҮРІП КЕТТІ ДЕП

«Шабыт» аталымымен ақшалай сыйлықпен — Төлегенов Ернар ( Н. Бекбосынов атындағы Маңғыстау энергетикалық колледжі)

Ақан сері (Ақ жігіт) Қорамсаұлы тек Көкшенің емес исі қазақтың тарихи тұлғасы мақтанышы. Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжі бастап ұйымдастырған республикалық байқау өз жалғасын табады деген сенімдеміз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Поделиться