Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжі білім алушыларының  қорытынды аттестаттауы өтіп жатыр.  «Драма театры артисі» біліктілігінің 4- курс білім алушыларының  «Актер шеберлігі» пәнінен дипломдық спектаклі таңдалған  Агата Кристидің «10  қара домалақ»  детективті драмасы Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық драма театрының сахнасында қойылды.

2018 жылдан бері осы курсты қарамағына алып, өндірістік оқытуға атсалысып, әлеуметтік серіктес ретінде  өз үлесін қосып келген Оспанов Мұратбек Үкібайұлына және  күрделі жанрдағы  туындыны сахналауға көмек көрсеткен театр директоры Қалдаров Жарас Шотбекұлына ризашылығымызды білдіреміз.

Болашақ театр артистерін 4 жыл бойы мамандықтың қыр-сырына оқытқан, кәсіби шеберліктерін ұштап, биік нәтижеге жетелеген Бөкешова Маржан Арыстанбекқызы мен шәкірттерін бүгінгі жетістіктерімен құттықтаймыз!

Колледж бен Театр арасындағы шығармашылық ынтымақтастықтың жалғасын табуына, бірлескен жұмыс нәтижесінде дуальді оқытуды одан әрі дамытуға, жас ұрпақтың жан дүниесін эстетикадық тұрғыдан  тәрбиелеуде жаңа жетістіктерге жете беруімізге сенімдіміз.

Болашақ мамандардың  бойына ұлттық құндылықтарды сіңіре отырып, тарихи сананы қалыптастыру және  әлемдік, ұлттық өнерге баулу жолында жемісті еңбек етіп келе жатқан театр ұжымына  зор денсаулық, отбасыларына бақыт, шығармашылық табыс тілейміз!

Поделиться