К.Г. Идрисова – ҚР «Мәдениет қайраткері», «Ы.Алтынсарин» төс белгісінің және «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медальдарының иегері, Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы Көкшетау қаласы, Ақан сері атындағы мәдениет колледжінің директоры.
Н.Ә. Назарбаев: «Өзінің болашағын ойлайтын және алға үмітпен қарайтын жігерлі де көреген халық ең алдымен ұрпақ тәрбиесі мен балаларын оқытудың қамын ойлайды» деп жазған. Жастарды оқыту әркезде кез-келген өркениетті мемлекет үшін алғашқы міндеттердің бірі болған, 2500 мың жыл бұрын Аристотель «Адамды басқару өнеріне қызығып зерттеп жүрген адамдар халықтың болашағы оның жастарын тәрбиелеуде екендігін анық біледі» деп жазған.
«Өзгерістер дәуірі» болып табылатын бүгінгі заман адами болмыстың барлық саласын, ең алдымен білім саласын қозғайтыны сөзсіз. Президент өз сөзінде: «Жастар — біздің болашағымыз. Оларды жаңа заманда өмір сүруге үйрету — біздің міндетіміз», – дейді. 2015 жылы өзінің 60 жылдығын атап өткен Ақан сері атындағы мәдениет колледжінің ұжымы Елбасының осы сөздерін өзінің ең басты міндеті деп есептейді.
60 жылдан астам уақыт ішінде оқу орны сыртқы ахуалдық өзгерістерін және атауының өзгерулерін басынан өткізді: кітапханалық техникум ретінде қалыптасқан оқу орны әр жылдарда мәдени-ағарту училищесі, мәдениет училищесі, өнер колледжі, кейін қазақтың дүлдүл ақыны, әнші-композиторы Ақан серінің есімі берілуімен «мәдениет колледжі» болып атанды. Ахуалдық сыртқы өзгерістерге қарамастан, байсалды, бірегей білім беру мекемесінің беделіне ие болған аталмыш колледждегі сапалы өзгерістерге ерекше көңіл бөліп, оның қызметін Елбасының келесі сөздерімен сипаттауға болады: «Мен көпірме және керемет сөздерден гөрі, қарапайым болса да, істің жасалғандығын жөн көремін».
Суретші және философ Н. Рерих айтқандай: «Өнер – мәдениет қозғалтқышы», яғни музыка, кескіндеме, сәулет, хореография, кино, театр, әдебиет (кітапқа қызығушылық) – осының бәрі мәдениетке жан бітіреді. Осы аталған бөлшектер мәдениеттің қозғалысына әсерін тигізу үшін, оларды өсіріп дамыту керек, ал ол үшін әуесқойлар мен бағалаушылар ғана емес, кәсіби мамандар қажет. Ақан сері атындағы мәдениет колледжінің қалыптасуына себепші болған – әлеуметтік-мәдени қызмет және халықтық көркем өнер шығармашылығы, актерлік өнер, дизайн және кітапхана ісі мамандықтарына қоғамда қалыптасқан тұрақты сұраныс арқылы колледж заманауи талаптарға сай дамып отырды. Колледждің педагогикалық ұжымының шеберлігі арқасында колледж түлектері білікті мамандар ретінде еңбек нарқында сұранысқа ие.
Оқу орнының беделі талантты педагогтардың бірнеше буындарының, педагогикалық еңбек ардагерлерінің кәсіпқойлығы нәтижесінде нығая түсті. Осы ұлы істердің ең алғашқы бастауында тұрып, төрт құбылаға тегіс оқу орынының атын шығарған, өздері қалаған мамандықтарына адал қызмет жасаған, осы жолда бар ғұмырларын сарп еткен Қайрош Көкебаев, Анна Ястребова, Сембек Есләмханов, Ольга Верульскаялардың есімдері әрдайым ілтипатпен еске алынады. Оқу орнының толайым табысқа жетуіне өлшеусіз үлес қосқан Мария Зуева, Абзал Насыров, Рафаил Сулькарнаев және Күміс Муратбекова. Олардың әрқайсысы керемет ұйымдастырушы, білікті басшы болатын.
Зайыры мәдени-рухани әлемге шуағын шашатын майталман мамандардың тұсауын кесетін, алғашқы тәлім-тәрбие беретін ыстық ұя – біздің колледж. Бүгін зейнет демалысында жүрген, заманында аймаққа аты шыққан ұстаздар, ардагер-педагогтар Әнипа Жүсіпова, Cифат Тасова, Галина Габайдуллина, Валентина Кудряшова, Ольга Зитева, Рита Костенко, Насиха Мухамбедиярова, Зоя Авилова, Евгений Котов, Иван Олейников, Лилия Мухортова, Анатолий Мухортов, Лариса Недоспасова, Евгений Недоспасов және өмірден озған Вера Купряшина, Зинаида Санчило, Күләш Хамзина есімдерін атап айтуымыз керек.
Педагогикалық және кәсіби шеберлікте ардагер-педагогтармен орнатылған биік деңгейлі байланыс колледждің қазіргі педагогикалық ұжымының жауапкершілікті сезімін арттыра түседі. Колледж 2013 жылы мемлекеттік аттестаттаудан өткенін, алдында сапа менеджменті жүйесінің халықаралық талаптарына сәйкес сертификатқа ие болғанын атап өту керек.
Педагогикалық ұжым оқытудың дәстүрлі нысандарымен қатар заманауи білім беру технологияларын қолданатын тәжірибелі оқытушылардан тұрады. Білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін, олардың танымдық белсенділігін дамытуға мүмкіндік туғызатын оқытушылар қатарына Галина Леонидовна Кочетованы, Патима Абибуллақызы Омарованы, Маржангүл Ақыжанқызы Тукееваны, Ұлболсын Сағындыққызы Мамбетованы және Галина Алексеевна Рыбакованы жатқызуға болады.
Қымбат Мұқанқызы Құсайынова, Маржан Арыстанбекқызы Бөкешова, Андрей Иванович Погорелый, Айтжан Настайқызы Настаева, Нұргүл Ескендірқызы Жүнісова, Ирина Викторовна Зайцева, Ғалия Бақытқызы Аменова сияқты оқытушылар оқытуда шығармашылық және креативті тәсілдерді кеңінен қолданады. Колледжде жүзге жуық оқытушылар еңбек етеді және олардың барлығы зор құрметке ие.
«Басқаларды үйрете жүріп біз өзіміз үйренеміз» деп Сенека айтқандай, колледж оқытушылары өз шеберліктерін үзіліссіз жетілдіріп, біліктіліктерін оқу курстары арқылы белсенді арттырады, хас-шеберліктерге қатысады. 2015-2017 жылдар аралығында РФ Курган қаласында – жеті оқытушы, Түркияда – бір оқытушы, Қытайда – бір оқытушы, «Pearson Education Ltd» және «GIZ Ltd» бірлесіп «Холдинг «Кәсіпқор» КЕАҚ – он жеті оқытушы, «Балакиревский проект» Мәскеу ашық байқауы шеңберінде «Video Art» бойынша – бір оқытушы, РФ Йошкар Ола қаласында – бес оқытушы, БАҰО «Өрлеу» АҚ – сексен алты оқытушы курстар тамамдады.
«Бүгінгі күн талантты, жігерлі, өзіне сенетін арманға бай және оларды жүзеге асыруға ерік-жігері бар адамдардың уақыты» – деп Елбасы айтқандай, колледж оқытушылары үнемі жаңа идеялар іздестіреді және оларды жүзеге асырады. Педагогтың кәсіби мәртебесін көтеру және шығармашыл жұмыс істейтін оқытушылардың еңбегін бағалау мақсатында колледжде көптеген істер жасалады. Мысалы, колледжішілік «Жылдың үздік педагогы» және еңбек нәтижесі диагностикасын іске асыра отырып, педагогикалық шеберлікті жетілдіру үдерісін ынталандыру үшін оқытушы қызметін ретингтік бағалау түрінде байқаулар жыл сайын өткізіліп отырады. Байқау қорытындысы бойынша оқытушылардың жетістіктеріне сәйкес өзгертіліп отыратын номинациялар тағайындалады: «Ең нәтижелі оқытушы», «Жыл дебюті», «Педагогикалық шеберлік қоймасы», «Жаңашыл-оқытушы», «Оптимист оқытушы», «Ең бастамашыл оқытушы», «Жылдың жас маманы». Жыл қорытындысы бойынша номинанттарға жергілікті демалыс үйлері мен шипажайларға жазғы демалыс үшін тегін жолдама беріледі. Ал «Жылдың үздік педагогі» байқауының барлық қатысушыларына алған орындарына сәйкес ақшалай сыйлық пен қатар шипажайларға жолдамалар табысталады. Бұл байқаулар барысында шығармашыл жұмыс істейтін, дарынды педагогтар анықталып, жаңа ерекше педагогикалық идеялар айқындалады.
Аталмыш байқаулар әр оқытушы қызметінің рейтингтік бағалануының нәтижесінде жыл сайынғы оқу жылының қорытындысын шығару арқылы пәндік комиссияның жетістіктерінің рейтингтік бағасына әсер етіп, соның нәтижесінде «Үздік пәндік комиссия» байқауын өткізуге мүмкіндік береді. Пәндік комиссия жұмысының рейтингі оқу жылының қорытындысы негізінде 4 параметр бойынша есептеледі:
- Оқытушылардың пән бойынша жұмысының нәтижелігі:
- ПК оқытушыларының сыныптан тыс жұмысының нәтижелігі
- Әдістемелік қызметінің нәтижелігі
- ПК оқытушыларының әкімшіліктегі рейтингі
2016-2017 оқу жылының қорытындысы бойынша «Үздік ПК» номинациясында бір бірінші, екі екінші және бір үшінші орын берілді.
І орын үшін жүлделі қор – 100 000 теңге, ІІ-орындар 75 000 теңгеден, ІІІ орын – 50 000 теңге сыйақы пәндік комиссия кабинеттерінің меңгерушілеріне табысталды. Жүлделік қор колледждің меншікті қаражатынан бөлінеді.
Оқу орнының ерекшеліктерінің бірі колледждің оқу-тәрбие қызметін іске асыру барысында, оқытудың озық тәжірибесі мен жаңа технологияларын қолдану үшін басқа білім беру және мәдениет саласының ұйымдарымен кең және тығыз ынтымақтастыққа ұмтылуы. Бүгінгі күні үзіліссіз кәсіби білім шеңберінде колледж И.С.Палантай атындағы Марий Республикалық мәдениет және өнер колледжімен тығыз қарым-қатынаста. Атап айтсақ, колледж бастамасымен Ақмола облысында Қазақстан Театр қайраткерлері одағының төрағасы болған, Қазақстан Республикасының Халық артисі Тұңғышбай Жаманқұлов және «Қазақ әуендері» АҚ президенті Асхат Маемировтың қатысуымен еліміздің Тәуелсіздігінің 20 кейін 25 жылдықтарына арналған Қазақстан және Ресейдің театралдық оқу орындарының театр жастары мен студенттерінің 1 және 2 «Дидар» атты аймақтық эксперименталдық фестиваль-лабораториясы өткізілді.
«Дидар» театр өнерінің эксперименталдық фестиваль-лабораториясын Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасының аумағында алдағы уақытта өткізілуін қолдап, ұсынылған шарттарына келісім жасалып, меморандумдар да қабылданды.
Колледж білім алушылары әрқилы фестивальдер мен байқауларға ұдайы қатысады. Олар қазылар алқасының лайықты бағасын ала отырып, көптеген байқауларға, фестивальдерге, оқулар мен түрлі деңгейдегі көрмелерге қатысады. Курган қаласында өткен «Игра! Шоу! Микрофон!» аймақтық байқауы, Приволжск федералдық округының мәдениет және өнер оқу орындарының театралдық бөлімдерінің Халықаралық фестиваль-лабораториясындағы спектакль қойылымдары, Алматы қаласында өткен жоғары оқу орындары мен өнер колледждері студенттерінің арасында Халықаралық көркемсөз оқу байқауына, Алматы қаласында өткен «Еуразия жұлдыздары» жобасы бойынша Халықаралық «Арман қанатында» фестиваль-байқауына, Қарағанды қаласында өткен Халықаралық «Тұлға» фестиваль-байқауына Аспаптық жанр номинациясы бойынша қатысу олар үшін пайдалы болды.
Кәсіби оқытудың тиімді нысандарының бірі болып табылатын хас шеберліктерді өткізу үшін республикамыздың және таяу шетелдердің атақты мәдениет қайраткерлері, белгілі педагогтар шақырылады. Сонымен колледжде «Астана Опера» опера және балет театры балет труппасының меңгерушісі Г.И.Борибаева, Екатеринбург мемлекеттік театр институтының актер шеберлігі кафедрасының доценті Е.Г.Царегородцева, филологиялық ғылымдар докторы, профессор, Мари Эл републикасының құрметті мәдениет қайраткері Д.Д. Лавров, РФ құрметті өнер қайраткері, Марий республикалық балалар мен жастар театрының бас режиссері және көркемдік жетекшісі О.Г. Иркибаев-Этайн, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Мемлекеттік қуыршақ театры» МКҚК директоры, қоюшы-режиссер О.Ақжарқын-Сәрсенбек, «Астана Опера» театрының примасы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері, Халықаралық байқаулардың лауреаттары, «Астана Опера» балет театрының жетекші солистері М. Басбаева мен Т.Гатауов, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер Академиясының «Актерлік шеберлік және режиссура» кафедрасының доценті, «Алматы-Music» театрының директоры, актер, режиссер, Қазақстан Республикасының театр қайраткерлері одағының мүшесі, А.В. Луначарский атындағы мемлекеттік театр өнері институтының түлегі Т.И.Омаров, «Халық батыры» республикалық сыйлығының, «Мамандық мақтанышы» аталымы бойынша лауреаты, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері, «Тарлан» тәуелсіз сыйлығының «Жаңа есім жаңа үміт» аталымы бойынша лауреаты, «Астана Опера» балет театрының артисі Д.Табылды, Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының актер шеберлігі пәнінің оқытушысы, өнертану магистрі Е.Кәрібаев, Т.Жүргенов атындағы өнер академиясының аға оқытушысы, Париж Ұлттық өнер консерваториясының түлегі, «Қазақ әуендері» АҚ Президенті А.Маемиров және т.б. атақты мәдениет қызметкерлері колледжде хас-шеберліктерін өткізген.
Мәдениет және білім мекемелерімен, жарнамалық агенттіктер және дизайнерлік фирмалармен әлеуметтік серіктестікте үлкен тәжірибеге ие екенімізді ерекше атап өтуге болады. Біз үшін түлектерді жұмысқа орналастыру маңызды міндет болып табылады және бұл бағытта жақсы нәтижелер бар. «Киім дизайны» біліктілігінің ашылуына байланысты колледж «Кокше-Спецодежда» тігін кәсіпорны (жеке кәсіпкер Быданова Елена Геннадьевна) және «Светлана» ательесі (директор Ехлакова Светлана Николаевна) фирмаларымен табысты ынтымақтастықты бастады.
Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» деген мақаласында «Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек. Жастарымыз басымдық беретін межелердің қатарында білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт. Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді» деген болатын. Білім – рухани жаңғырудың алғышарты деуге де болады. Өйткені, ой жүйесі терең, алыстан пайымдап, тереңнен тамырланған дүниетанымы кең адам ғана барлық бәсекеге төтеп бермек. Тәуелсіз еліміздің болашағы – жастарымыздың білім көрсеткіштері олардың тек білім деңгейімен ғана емес, сонымен қатар олардың өз мамандығын терең игеруіне байланысты. Колледж даярлаған мамандар жоғары кәсіби деңгейге ие екендігін жұмыс берушілердің жақсы пікірлері дәлелдейді. Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық драма театры, облыстық орыс драма театрының құрамы біздің түлектерімізбен толығуда. Өткен жылы Қостанай, Көкшетау театр труппалары, Ақмола облыстық филармониясы, өзіміздің және көрші Солтүстік Қазақстан облысының мәдениет үйлері мен кітапханалары жас актерлермен, хореографтармен, музыканттармен және кітапханашылармен толықты.
«Мұғалімнің бүкіл мақтанышы-шәкірттерінде, өзі шашқан ұрықтарының өсіп-өнуінде» – деп жазған Д.И.Менделеев. Колледждің көптеген түлектері шетелдерде табысты еңбек етуде. Рузанна Какенова Лос-Анжелесте балет-студиясының жетекшісі, Алена Лысякова Польшада хореограф болып жұмыс істейді, Францияда Артем Сущенко балет мектебін басқарады, көптеген түлектеріміз Германияда және Израильде мәдениет саласында қызмет атқарып жүр.
Түлектердің колледжде алған білімдері мен дағдылары оларға Қазақстан мен Ресейдің жоғары оқу орындарына түсуге мүмкіндік береді. Біздің хореограф – түлегіміз Илья Карапыш Челябинск мәдениет және өнер академиясын бітіріп, қазіргі уақытта аталған Академияда оқытушы болып жұмыс істейді. Студент болып жүрген кезінде «Ресейдің жас дарыны» атағын алды. Сонымен қатар 2014 жылғы түлектеріміз Екатерина Каштанова, Наталья Шапкина Ресейде грант бойынша оқиды.
2011 жыл түлегі Қолғанат Мұрат бүгінгі таңда Т.Жүргенов атындағы өнер академиясының оқытушысы, кинотеледраматургия магистранты, М.Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театрында өткен Республикалық жас драматургтер байқауының жеңімпазы, Республикалық «Алтын қалам-2015» тәуелсіз әдебиет байқауының «Жыл драматургі және киносценарий» номинациясының иегері. Магистратураның 2 курсында оқып жүріп жазған «Алдамшы үміт» пьесасы Ш.Құсайынов атындағы қазақ музыкалық драма театрында сахналанды.
2013 жыл түлегі Нұрислам Әбділ Астана қаласындағы Қазақ ұлттық өнер университетінде оқуын жалғастырып, көрнекті театртанушы, сыншы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессор – Әшірбек Сығайдың шеберханасында «Театртану» факультетінде оқыған. Қазіргі таңда Көкшетау қаласындағы Ш.Құсайынов атындағы қазақ музыкалық драма театрында әдебиет бөлімінің меңгерушісі болып қызмет атқарып жүр. Халықаралық айтыс ақындары мен жыршы термешілер одағының мүшесі. Облыстық, аймақтық, республикалық айтыстардың жеңімпазы. Театр туралы сыни мақалалардың авторы.
2017 жыл түлектері Ковалев Алексей, Нұрпейісова Дана ҚР «Салтанат» мемлекеттік би ансамблінде балет артистері болып, Жандаулетова Дана «Наз» мемлекеттік би театрында балет артисі, Өмірзақова Диана Астана қаласында «Көркем» өнер және білім орталығында педагог, Омарова Гүлнұр Ақтөбе қаласында Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасында кітапханашы, Жарқынбаева Айдана «Достар» мәдениет сарайында әдіскер, Уали Зарина, Дулатова Жансұлу облыстық «Көкшетау» мәдениет сарайында әдіскер, Жанпейісова Айжан, Искаков Рамиль «Светлана» ательесінде киім дизайнері, Герасимова Татьяна «Оливин – ХХІ» ЖШС интерьер дизайны болып жұмыс істейді. Аталмыш жылы білім ұйымын бітірген түлектер Ғайсина Алтын «Қазақ ұлттық хореография академиясы» ҰАҚ-ң «Әлеуметтік ғылымдар және өнер» факультетінде, Құсайынова Арайлым Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында «Театр өнері» факультетінде «Музыкалық театр артисі» мамандығы бойынша, Нұрахмет Аян, Уатхан Жұмағали «Музыкалық өнер» факультетінде «Дәстүрлі музыкалық өнер» мамандығы бойынша оқып жүр.
Дарынды түлектерді қолдау колледжде дәстүрге айналған. Осындай қамқорлық пен олардың тағдырларына қатысудың бір нысаны колледж әкімшілігінің олардың оқу және шығармашылық үдеріске қатысуы үшін жатақханадан орын беріп, үздік түлектерді колледжде қалдыру құқығы бар. Музыкалық студияның жетекшісі Рүстем Мұсафарханов, Жастар ісі жөніндегі комитеттің төрағасы Мұрат Әліби, хореографиялық пәндер оқытушысы Саду Лейла және интернет-ресурстардың әкімшісі Сапабек Бексұлтан осындай мүмкіндіктерді пайдаланды. 2004 ж. түлек Ефименко Анна Владимировнаның да шығармашылық биографиясы осындай. Сол жылдан бастап колледжде хореографиялық пәндерден сабақ бере бастады. 2011 ж. Челябинск мемлекеттік педагогикалық университетінің сырттай оқу бөлімін бітіріп, 2014 ж. оған хореографиялық пәндер оқытушысының 1 біліктілік санаты берілді.
Колледждің өзінде оқу-тәрбие жұмыстарының нәтижесі әр жыл сайын «Колледждің үздік тобы» байқауының қорытындысы бойынша шығарылады. Олар жүлделі орын алу арқылы өздерінің демалыс сәттерін көңілді өткізуге мүмкіндік алады. Айталық, 3 ТҰЖ тобының білім алушылары (топ жетекшісі Настаева А.Н.) «Малиновый мыс» шипажайында демалса, 3 ДТА тобының білім алушылары Бурабай курорттық зонасына саяхаттап барды. Ал 1 БП (каз) тобының білім алушылары (топ жетекшісі Қалиева Ә.Қ.) «Синема-Әлем» кинотеатрында өткен «Жау жүрек мың бала» фильмін тамашалауға мүмкіндік алды.
«Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды» дегендей, білім алушылардың шығармашылық бастамасын колледж әркез қолдап жүреді.
Біз 2017 жылғы 1 маусымда Көкшетау қаласында алғашқы рет республикалық акция шеңберінде өткен Балалар мен жастардың музыкалық оркестрлері мен ансамбльдері Шеруінің ұйымдастырушысы болдық.
«Педагог – мәдени демалыс ұйымдастырушы, би ұжымының жетекшісі» біліктілігінің 3 курс білім алушысы Айнель Ташенова 2017 жылы Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының стипендианты атанды.
«Мәдениет күндері» шеңберінде концерттік сапарлар да ұйымдастырылуда. «Егер мамандық – өмір сүру салтына айналса, онда кәсіп өнерге айналады» демекші, колледж білім алушылары мен оқытушылары мәдениетті дамыту және кәсіби бағдар жұмысын жүргізу мақсатында қызғылықты концерттік бағдарламаларымен Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша, Айыртау аудандарында болып қайтты. Алаштың ұлы перзенті Балуан Шолақтың 150 жылдығы, Тың және тыңайған жерлерді игерудің 60 жылдығы, Ақмола облысының 70 жылдығы мерекелері кездерінде де өз өнерлерін көрсетті. Соның ішінде бір есте қаларлығы Ақмола облысы Целиноград ауданындағы «Родина» ЖШС село еңбеккерлерінің назарына мазмұнды концерттік бағдарлама ұсыну сәті. «Родина» ЖШС директоры Иван Адамович Сауэр ел адамдарының шынайы алғысын білдіріп, сый-сияпат жасады.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және колледждің 60 жылдығына орай мәдениет саласының болашақ қызметкерлерінің кәсіпқойлығын, үлкен сахнаны сезінуін және алған дағдыларын дамыту, сонымен қатар шығармашыл жастардың кәсіби бағдар міндеті мен мәдени қызметкер мамандығының мәртебесін көтеру мақсатында Астана қаласының Оқушылар сарайында колледждің есеп беру концерті өтті.
Алпыс жылдан асқан уақытты сараптап, білім ошағының өткен өмір жолдарын, өнер жолдарын таразыға тартқан сәтте толайым табысты айту парыз.Тәжірибелі балетмейстерлер Андрей Иванович Погорелый мен Гульмира Мерғалиқызы Ордабаеваның жетекшілік еткен «Жарқын» және «Самоцветы» хореографиялық ансамбльдері аз ғана уақыт ішінде тамаша жетістіктерге жетті. Түркияның Амассия қаласында өткен фольклорлық-этнографиялық фестиваліне, Махачкала қаласында өткен ресей аймақтары мен каспий елдерінің ІҮ Халықаралық «Каспий – достық жағалауы» халық шығармашылығы фестиваліне қатысып, Ұлттық жзастар Дельфий ойындарының бірнеше мәрте жеңімпаздары атанды. 2013 жылы Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің бұйрығымен (17.05.2013 ж. № 109) «Жарқын» би ансамбліне «Халықтық» атағы берілді.
«Дизайн (сала бойынша) мамандығының білім алушылары да облыстық, республикалық, халықаралық байқауларға белсенді қатысып, мәртебемізді биіктетіп жүр. 2014 жылы Хугаева Лолитаның жұмысы XVII Халықаралық шығармашыл жастардың «Шабыт» фестивалінде Гран-При жүлдесіне ие болды. Бұл Ақмола облысының мәдениет тарихындағы алғашқы табысы екендігін қадай айтып кеткен жөн.
Белгілі педагог, жазушы Дейл Карнеги «Бос болмаңыз. Бұл әлемдегі ең арзан дәрі – және бірден-бір әсерлісі» дегендей, білім алушылар көркемдік шығармашылықпен қатар ғылыми-практикалық жұмыспен айналысады. Оның дәлелі «Жас қанат» үйірмесі, Ақмола облысының мектеп және колледж оқытушыларының арасында «Эстетикалық тәрбиедегі көркемдік мұраның маңызы» тақырыбында өткен ғылыми жұмыстар байқауы материалдары жинағының шығарылуы үйірме нәтижесі болып табылады. Конференцияларға қатысу білім алушыларға өз білімдерін жетілдіруге, оқу-зерттеушілік қызметте іскерлік пен дағдыға ие болуларына, талантты білім алушыларды анықтауға және қолдауға, олардың зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамытуға мүмкіндік береді.
2013 жылғы 28 наурызда Ш.Құсайынов атындағы Ақмола облыстық қазақ музыкалық драма театры сахнасында Аймақтық жас ақындар айтысын өткіздік. Айтыс нәтижесі бойынша белгілі ақын, прозаик, публицист және драматург, Көкшетау қаласының құрметті азаматы Төлеген Қажыбаев төрағалық еткен беделді қазылар алқасы Бас жүлдені Павлодар облысы Баян ауыл селосынан келген жас айтыскер Нұрқанат Қайратқа берді.
«Кітапхана ісі» бойынша колледжде жастарды әдеби мұраны сақтауға талпындыру дәстүрі бар. Осы мақсатта оқырман конференциялары өткізіледі. 2014 жылы облыстық ішкі саясат басқармасымен бірлесе отырып, жергілікті қарымды қаламгер Естай Мырзахметовтың шығармашылығына арналған оқырман конференциясының өткізілуі. Мазмұны терең, мағынасы мол оқырмандар конференциясы барысында Ес-ағаның қалам қуаты айқын көрініс тапты. Жазушының қызы Зәмзагүл Естайқызы Мырзахметованың колледждің үш білім алушысы Берік Заидов, Терза Альфред, Аян Нұрахметовтерге 15000 теңге көлемінде арнайы шәкіртақы тағайындап, олар оқу жылы бойы алып тұрды.
Қасиетті Құрбан айт күндері аз қамтылған отбасынан келген білім алушылар үшін қайырымдылық астарын беру дәстүрге айналған: бұл күндері білім алушыларға әлеуметтік пакеттер таратылады.
Әлеуметтік көмек көрсетілетін білім алушыларға білім алу кезеңінде әлеуметтік көмек беру қағидаға сәйкес ұйымдастырылған.
«Жаңғыру 3.0 «Рухани жаңғыру» бағдарламасында белгіленген міндеттерді жүзеге асыру аясында, 2017 жылғы 12 желтоқсанда Бауыржан Момышұлы атындағы әскери-патриоттық клубы салтанатты түрде ашылды.
Колледж ұжымы үшін шығармашылық баппен тиімді жұмыс істеуге барлық жағдай жасалуда. Колледждің жанында спорт және тренажер залдары, хореография, салтанатты шаралар залдары, кітапхана мен асхана орналасатын қосымша заманауи, үш қабатты корпустың құрылысы жүріп жатыр.
Мәдениет және өнер саласының мамандары үлкен сұранысқа ие, сондықтан өз мүмкіндіктерімізді көбейте түсіп, ұрпақтар сабақтастығын сақтап және біздің бай мәдениетіміздің – полиэтникалық Қазақстанның мәдениетінің қайнар көзіне жастарды тарта отырып, табысты дамуға қадам басудамыз.