Ақан сері атындағы мәдениет колледжінде жыл сайын «Үздік ұстаз» байқауы өтеді. Биылғы жылы колледж ұстаздарының шеберлігінің сынына 5 пәндік комиссиядан 6 оқытушы қатысты:

Қажмұратова Алмагүл Қанатқызы – кітапхана және гуманитарлық пәндік комиссиясынан, қоғамдық пәндер оқытушысы;

Байманова Ботагөз Сейітзияқызы – кітапхана және гуманитарлық пәндік комиссиясынан, орыс тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы;

Таверхан Ерлан – жалпы пәндер пәндік комиссиясынан математика пәнінің оқытушысы;

Байдракова Дамира Маратқызы – бос уақытты ұйымдастыру пәндік комиссиясынан, мәдени демалыс қызметі пәнінің оқытушысы;

Хамидов Рафаэль Геннадьевич – хореографиялық пәндер пәндік комиссиясынан, хореграфия пәнінің оқытушысы,

Байленова Бижамал Ермекқызы – дизайнер пәндері пәндік комиссиясынан, арнайы пәндер оқытушысы.

Байқауға қатысушыларды бишілер прологы қарсы алып, құрмет көрсетті. Жүргізушілер қазылар алқасымен таныстырып өтті. Олар:

– Ыбырай Алтынсарин төсбелгісінің иегері, ҚР мәдениет қайраткері, Ақан сері атындағы

мәдениет колледжінің директоры Идрисова Құралай  Ғазизқызы бастаған колледж әкімшілігінің өкілдері.

Байқауға қатысқан оқытушылар жылдағыдай өздері жұмыс істемейтін топпен шеберлік сыныбын өткізді, «Өзін-өзі таныстыру», «Педагогикалық жағдаят», «Хобби» атты сын түрлерінен өтті. Ал оқытушылардың шеберлігінің нағыз көрсеткіші 28 ақпанда, колледж фойесінде ұйымдастырылған көрмеде болды.Ол көрмеде байқауға қатысқан әр оқытушының жұмысының жемісі көрсетілген:оқу-әдістемелік кешені, түрлі шараларға қатысуын растайтын сертификаттары, облыстық, қалалық, республикалық іс шаралар нәтижесі, пән бойынша сыныптан тыс жұмыстары, баспа беттерінде жарияланған мақалалары, ғаламтор жүйесіндегі байқаулар нәтижелері, т.б. бойынша фото-бейне-материалдар. Әр байқау сайын есеп комиссиясы қатысушылардың қорытынды баллдарын есептеп, жариялап отырды. Әділ қазылар алқасы қорытынды шығарғанша, колледждің  білім алушылары көрермен қауымға концерт ұйымдастырып, әдемі ән, би, күйлерін сыйлады. Байқаудың соныңда колледж директоры Идрисова Құралай Ғазизқызы қазылар атынан барлық қатысушыларға ризашылығын білдіріп, жеңімпаздарды хабарлады. Залдағы көрермендер орындарынан тұрып қатысушы әрбір оқытушыны сый-сияпатпен, құрметпен шығарып салды.

«Ұздік ұстаз-2018» байқауының қорытындысы:

Бас жүлде иегері – Байманова Ботагөз Сейітзияқызы

1 орын – Ерлан Таверхан

2 орын – Байленова Бижамал Ермекқызы

3 орын – Байдракова Дамира Маратқызы

Ақан сері атындағы мәдениет колледжінің сегіз сырлы, бір қырлы ұстаздарын жеңістерімен құттықтаймыз!

Бөлісу