2021 жылғы 10 қаңтарда Қазақстанның әрбір азаматы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлауда өзінің азаматтық ұстанымын көрсете алды. Бұл Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы сегізінші парламенттік сайлау болды, Мәжіліс депутаттарын сайлаумен қатар барлық деңгейдегі (аудандық, қалалық, облыстық) мәслихаттар депутаттарын сайлау өтті. Осы қиын-қыстау кезеңде сайлауды өткізу үшін үлкен жауапкершілік сайлау заңнамасына сәйкес құрылған, сайлауды дайындау мен өткізуді ұйымдастыратын және қамтамасыз ететін тәуелсіз алқалы орган болып табылатын сайлау комиссияларына жүктелді. Әрбір сайлаушы үшін сайлау комиссиялары дауыс беруді ұйымдастыру және өткізу кезінде қажетті жағдайлар жасады. Көкшетау қаласының 26 учаскесіндегі сайлау комиссиясының үйлесімді жұмысы байқаушылармен және сайлаушылармен атап өтілді. Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының грамотасымен сайлау комиссиясының төрайымы Құралай Ғазизқызы Идрисова және Комиссияның барлық құрамы марапатталды.

Бөлісу