Қазақстанда 2016 жылдан бастап атап өтілетін Алғыс күніне арналған мерекелік іс-шара Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінде өтті.  Мемлекет басшысы айтқан идея бойынша, бұл күні Қазақстанды мекендейтін халықтар қазақтардың қонақжайлылығын еске түсіруі тиіс. Бұл мереке қазақтар Қазақстанға жер аударылған түрлі ұлт пен діни наным-сенімдегі адамдардың өмір сүруіне көмектескен кезеңдерге құрмет көрсетуге арналған.

Колледж студенттері – түрлі ұлт өкілдері – әр түрлі тілде оқытушылар мен студенттерді құттықтап, домбыра ойнап, барлық жерде алғыс сөздер айтылды. Құттықтаушылар колледждегі әр кабинетке кіріп, барлықтарына алғыстарын білдірді.

Мереке Қазақстан азаматтарына отансүйгіштік пен бір-біріне деген сыйластықты тәрбиелеуге бағытталған, осы мақсат барлық іс-шара барысында байқалды.

Бөлісу