Білім басқармасымен 2021 жылғы 30 қарашадағы № 313 бекітілген колледждерді дамыту бойынша бірлескен іс-шаралар жоспарына және жалпы білім беретін пәндер бойынша онкүндікті өткізу жоспарына сәйкес 2022 жылғы 15 ақпанда Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің базасында Біржан сал атындағы музыкалық колледжінің бірінші және екінші курс оқытушылары және  студенттерімен кездесу өтті.

Салтанатты шара Ауғанстан төңірегіндегі жағдайды саяси реттеу туралы Женева келісімі негізінде Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылуының 33 жылдығына арналды.

Мұндай іс-шаралардың негізгі мақсаты: Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, тарихтың ауыр сынақтарынан өткен аға буынға деген патриоттық тәрбие мен құрмет, азаматтыққа тәрбиелеу.

Кездесуге ауған ардагерлері қоғамдық бірлестігінің төрағасы Болат Тілеуғабылұлы  Шарипов шақырылды. Кездесудің бастамашысы Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің алғашқы әскери және технологиялық дайындық оқытушысы Ризабек Ескенұлы Әубәкіров. Осы кездесудің есте қаларлық сәті студенттерге әскерге шақыру учаскесіне тіркеу куәлігін салтанатты түрде тапсыру болды.

Бөлісу