Қолғанат Мұрат 2009-2011 жылдары Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің «Режиссер, театр ұжымының жетекшісі» мамандығы бойынша ҚР мәдениет қайраткері Құдайберген Насыровтың  шеберханасынан аяқтады. Аталмыш түлегіміз бүгінде елге танымал драматургке айналып отыр. Қолғанат колледж қабырғасынан өзінің өнегесімен өнерге деген өлшеусіз махаббатымен көзге түсті. Оның колледж қабырғасында жүріп жазған сценарийлері мен өткізген іс-шаралары бүгінгі күнге дейін соңындағы іні, қарындастарына үлгі. Жас ізденімпаз колледжден түлеп ұшқансоң   2011-2015 жылдары Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының «Кинотеледраматургия» мамандығын Дулат Исабековтың шеберханасы бойынша бітірді, 2015-2017 жж. Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының «Өнертану» факультетінің магистірі атанды.

Қолғанаттың қазіргі таңда театр сүйер қауыммен, оқырмандарға танымал қаламынан шыққан пьесалары“Шырмаудағы ғұмыр” (2013),“Қуыршақ” (2013), “Шырғалаң” (2014), “Алдамшы үміт” (2015), “Түнек” (2015), “Пони” (2016), “Cаусақ” ( 2016), “Бақыт кілті” (2016), “Егіздер” (2018),  “Орбұлақ”,«Обычай» (2019), “Мөде қаған” (2019);  “Тас – адам”(2018);“Көбелек ғұмыр”(2020); “Ғұрып”(2020); “Қылмыс”(2020);“Үш әйел бір еркек”(2020);“Мұғалім”(2021); Аталмыш туындылар бүгінгі күнге дейін республикамыздың түрлі театр сахналарында сахналануда.

Қолғанаттың жеткен жетістіктеріне тоқталсақ: Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай өткізілген ҚР және РФ театр оқу орындары мен театр жастарының I аймақтық эксперименталдық фестиваль-лабораториясында  «Тағдыр» қойылымы үшін алғыс хатпен марапатталды (2011).

М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры 18-40 жасқа жасқа дейінгі  драматургтер арасында жарияланған республикалық «Замандас келбеті» байқауында «Алдамшы үміт» пьесасы байқау жеңімпазы болып танылды  (2015).

Республикалық тәуелсіз әдеби «Алтын қалам 2015» байқауында «Алдамшы үміт» пьесасы «Жылдың үздік драматургиясы және киносценарийі» номинациясына ие болды (2015).

 «Пони» пьесасы Шымкентте ұйымдастырылған  Республикалық  «Тәуелсіздік толғауы» байқауында 3-орын иеленді (2016).

«Орбұлақ» пьесасы Талдықорған қаласында өткен  Республикалық «Ел тағдыры – Жер тағдыры» атты драматургтер байқауында гран-при иегері атанды (2018).

«Куәгер» пьесасы Респбуликалық «Нұрсұлтан Назарбаев» қоры ұйымдастырған VI «Алтын тобылғы» әдебиет байқауының «Жылдың үздік дараматургі» атынды (2020)

«Түнек» пьесасы Ресейдің «Слово и действие-2018» байқауында негізгі конкурсқа түсті.

Аталмыш жетістіктер біздің түлегіміз үшін өте жоғары нәтиже деп есептейміз. Бүгінгі таңда театрда жүріп жатқан қойылымдары:

Арқалық қаласындағы  қазақ жасөспірімдер театры» мен  Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театрында “Алдамшы үміт” қойылымы (2016); М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында “Бақыт кілті” қойылымы (2017);  Т.Жаманқұловтың «Дат!» театрында «Қуыршақ» қойылымы (2018);Бикен Римова атындағы Талдықорған драма театрында «Орбұлақ» қойылымы; Шығыс Қазақстан облыстық жастар театрында «Қуыршақ» қойылымы (2019); Алатау дәстүрлі өнер театрында балаларға арналған «Ғұрып» қойлымы(2020); Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ Ұлттық драма театрында Т. Әбдік «Оң қол» (сахналық нұсқасының авторы) қойылымы (2021); Ғабит Мүсірепов атындағы «Балалар мен жасөспірімдер» театрында «Мұғалім» қойылымы(2021);

Театр сахнасында жүріп жатқан қойылымдар қазіргі таңда театр сыншылары мен көрерменнен өзінің оң бағасын алуда.Пьесалары ағылшын, орыс, азербайджан,   тілдеріне аударылып үлгерді. Алдағы уақытта шетел сахналарынан да тағатсыз күтетін боламыз.

Мұрат Қолғанат тек драмалық шығармалардан тыс кино сценарийлерді де жоғары деңгейде жазып көпшіліктің қошеметіне ие болуда айталық: «Қазақфильм» киностудиясында  ТОО «Дебют» бірлестігімен бірге қысқаметражды «Аялдама» фильм түсірді.  Сценарист: Д. Кулмаков, К. Мурат (2015); «Қазақстан»  телеарнасының арнайы тапсырысымен түсірілген 8 бөлімді «Орбұлақ» тарихи телесериялының бірінші сценаристі (2019);

Қазіргі таңда түлегіміз М. Әуезов атындағы Қазақ Ұлттық драма театрында– драматург, Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында оқытушы қызыметтерін атқаруда.

Ақан сері атындағы жоғары ммәдениет колледж осындай тлапты, талантты түлектерімен мақтанады. Біздің колледжді үлкен өмірге аттанған түлектерімен ешқашан байланыс үзген емес. Әр қашанда қолдап, қолпаштап жетістігі мен өнерін насихаттап отырады.

Колледж басшысы Идрисова Құралай Ғазизқызы атынан және колледж ұжымы атынан Мұрат қолғанатқа шығармашылық табыстар тілейміз. Алдағы уақытта әлемдік аренаға шығуына шын жүректен тілекшіміз. Шаршама қазақ елінің қолғанаты бол Қолғанат.

Бөлісу