«IVEN – Мерекелер министрлігі» агенттігінің басшысымен кездесу өтті. «Бота Амангелдіқызы Қалиева, колледж әдіскері Гүлнара Бүркітбайқызы мен оқытушы Тлеугабылова Г.Т ұйымдастырған шараға колледждің skils World чемпионатына қатысатын 1-4 курс студенттері шақырылды.

20.12.2022 Ақана сері атындағы жоғары мәдениет колледжінде., алдағы Әлем чемпионаты аясында Ақмола облысы іскер әйелдер қауымдастығының «Жас қанат» жетекшісі, «IVEN-Мерекелер министрлігі» агенттігінің басшысы Қалиева Бота Амангелдіқызымен кездесу өткізілді. Шараны колледж әдіскері Гүлнара Бүркітбайқызы мен оқытушы Тлеугабылова Г.Т ұйымдастырды.Бұл шараға World Skils college чемпионатына қатысатын 1-4 курс студенттері шақырылды.

Кездесу, бизнес-жобаның тәжірибелік бөлігіне арналды, оның барысында студенттер кәсіпкерліктің әртүрлі түрлерімен, заманауи кәсіпкерлікте бар жаңалықтар мен тенденциялармен, өз ісін ашу үшін қандай қадамдар жасау керектігімен, стартаптың, бизнес-модельдің және тұжырымдамалармен танысты.. Білім алушылар бәсекелестік деген не екенін және бәсекелестік стратегияларының қандай түрлері бар екенін, баға құрылымын сипаттауды, баға саясатының мәнін түсінуді , баға стратегияларын ажыратуды үйренді.

Бөлісу