Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінде   2022 жылдың 3 мамырында өткен «Junior Skills – 2022» өңірлік чемпионатына барлығы 25 оқушы қатысты.

«Сән технологиясы» құзыреттілігі бойынша № 6 мектеп-лицейінің оқушылары  Елесеева Алина (11 сынып) 1-орынды және Нагманова Дариға (9 сынып)  2 орынды иеленсе,   3 орынды  № 21 мектеп-лицейінің 9 сынып оқушысы Расулова Рамина қанжығасына байлады.

«Флористика» құзыреттілігі бойынша Аршалы ауданы білім бөлімінің Иманжүсіп Құтпанұлы атындағы Жібек жолы ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің оқушысы Тәжімұрат Жанель (8 сынып) 1 орын және №6 мектеп-лицейінің оқушысы Касенова Аружан (9 сынып) 2 орын дәрежелі дипломдарымен марапатталды.

«Графикалық дизайн» құзыреттілігі бойынша 7-8 сынып оқушылары арасында 1 орынды № 17 мектеп-гимназиясының оқушылары Рафуллаева Сабина (7 сынып), 2 орынды Предигер Алина (8 сынып) иеленді. Ал 9-10 сынып оқушылары арасында 1 орынды әл-Фараби атындағы IT лицейінің 10 сынып оқушысы Молдахмет Мирас алса, 2 орынды № 17 мектеп-гимназиясының оқушысы Жангелді Даниял жеңіп алды.

«Сәнді киім және аксессуарлар дизайны» құзыреттіліктері бойынша Балалар көркемсурет мектебінің білім алушысы Нұржан Сәбина 1 – дәрежелі дипломмен,  № 17 мектеп-гимназиясының оқушылыры  Садибекова Дильназ 2 орын дипломымен,  Әбілмажин Жасмин 3 орын дипломымен марапатталды.

Барлылық қатысушыларға грамоталар мен жетекшілеріне сертификаттар табысталды.

Бөлісу