Көптен күткен Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің ЖАҢА ҒИМАРАТЫНЫҢ  АШЫЛУЫ – 2019 жылғы 29 тамызда Ақмола облысының әкімі Ермек Боранбайұлы Маржықпаевтың қатысуымен өтті. Осындай маңызды оқиғамен құттықтауға ардагерлер мен құрметті қонақтар келді. Колледж қуанышына әр жылдағы түлектер де  келіп ортақтасты. Жаңа ғимарат хореографиялық, спорттық және жаттығу, мәжіліс залдары бар, кітапхана және асханасы бар заманауи, кең 3-қабаттан тұрады, аулада баскетбол алаңы орналасқан.  Жаңа ғимаратта  жарқын таланттар мен жеңістер көбейіп, жыл сайын дарынды жастар қанат қағып, өнердің биік шыңдарын бағындыра берсін!

Бөлісу