1 наурыз күні Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің «Жаншуақ» волонтерлік қозғалысы («Педагог-мәдени демалыс ұйымдастырушы, театрландырылған көпшілік қойылымдар режиссері» біліктілігінің 1 және 2 курс білім алушылары) «Қоғамдық келісім» КММ алаңында өткен «Масленица» іс-шарасына қатысты. Білім алушылар қонақтармен хоровод жүргізді, балалармен ұлттық ойындар ойнады, арқан тарту кезінде «күшпен күрес» ұсынды, «Жастықтармен күрес», зияткерлік викторина, әзіл айту және т.б. ұйымдастырылды. Мереке өте көңілді өтті!

Бөлісу