7-9 желтоқсан күндері Көкшетау қаласының Ақмола облыстық орыс драма театрында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша «Мельпомена – 2018: әлемдік мәдениет жолында» деген атпен балалар мен жастар театры ұжымдарының республикалық сайысы өтті. Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжі студенттері бұл сайысқа белсенді қатысты. «Педагог-мәдени демалыс ұйымдастырушы, театрландырылған көпшілік қойылымдарының режиссері», «Педагог-мәдени демалыс ұйымдастырушы, көркемөнерпаз театр ұжымының режиссері» біліктілігінің білім алушылары жоғары деңгейде өнер көрсетіп, колледж қоржынын төмендегідей жетістіктермен толықтырды:
Бас жүлде – А. П. Чехов пьесасының желісі бойынша «Үш апалы-сіңілілер» қойылымы үшін 3 ОМП тобы (оқытушы Т. Х. Валиев);
«Үздік режиссерлік шешім» дипломы – А. П. Чехов пьесасының желісі бойынша «Үш апалы-сіңілі» қойылымы үшін 3ОМП тобы (оқытушы Т. Х. Валиев);
«Үздік ер адам рөлі үшін» номинациясы бойынша диплом – Егорин Анатолий, 3 ОМП;
«Үздік әйел адам рөлі үшін» дипломы – Радаева Юлия, 3 ОМП;
«Көшбасшы» төсбелгілері – Санников Константин, Воронько Анна, Айсамутдинов Владимир, 3 ОМП;
4 ТҰЖ тобы Л. Бернстайнның «Вестсай тарихы» (оқытушы Ж. Кусаинова) қойылымы үшін «Ерекше жетістіктері, жоғары көрсеткіштері және белсенді қатысқаны үшін» дипломымен марапатталып, жүлделі ІІІ орынға ие болды.
«Екінші жоспардағы ең үздік ер адам рөлі үшін» номинациясымен 4 ТҰЖ тобының білім алушысы Махамбетияр Жәнібек марапаттады.
Колледж сіздердің жеңістеріңізді мақтан етеді және алдағы уақытта шығармашылық табыстар мен толағай жеңістер тілейді!

Бөлісу