2021 жылдың 28 сәуірінде Ақмола облыстық Білім басқармасы Щучинск қаласындағы педагогикалық колледж базасында колледждер арасында облыстық дебат турнирін өткізді. Турнирдің мақсаты – өздік шешім қабылдауда стратегиялық сыни ойлау дағдысын дамыту. Американдық парламент форматында ұйымдастырылған турнирге колледждердің бірінші курс студенттерінен құралған 14 команда қатысты. Іріктеу турының, жартылай финалдың резолюциясы «Бұл палата ересектер балалардың жеке өміріне араласуы керек деп санайды»,  ал, жартылай финалдың қарары «Бұл палата техникалық прогресс өмірімізді жаман жаққа бұрды»  тақырыбы болды. Жеребе тарту арқылы «Үкімет» немесе «Оппозиция» тараптарына орналастырылды. Өз ой-пікірлерінің дұрыстығын қорғауға тырысқан қатысушылар қызықты да, өткір айғақтарды алға тарта білді.

Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің «Парасат» командасы басқа колледждік курстастарынан алға шығып, бірінші орынға ие болды. Колледж студенттері сөйлеу шеберлігін көрсете біліп, өз ойларын жинақы да, нақты  жеткізді. Қатысушыларға шығармашылық рух, жаңа жеңістер тілейміз!

Бөлісу