«Республикалық әдістеме, өнер және білім орталығы» 2021 жылғы 1 қазан -31 қазан аралығында «Мен – новатор-ұстазбын» республикалық байқауын өткізді.  Біздің колледжден «Үздік ашық сабақ» номинациясы бойынша 2 педагог қатысты. Байқау қорытындысы бойынша тарих пәнінің оқытушысы Алмагүл Қанатқызы Қажымұратова мен музыка пәнінің оқытушысы Құралай Ілиясқызы Алмаганбетова 1 дәрежелі Дипломмен марапатталды.

Әріптестерімізді құттықтаймыз және шығармашылық табыс тілейміз!

 

Бөлісу