Қарағанды қаласында 1 және 2 сәуір аралығында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының қолдауымен «Театр – Шығармашылық – Талант» ІІІ халықаралық балалар мен жасөспірімдер фестиваль-байқауында Көкшетау қаласы, Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің «Педагог-мәдени демалыс ұйымдастырушы, театрландырылған көпшілік қойылымдарының режиссері» біліктілігінің 2-курс білім алушылары Г.А.Рыбакова мен Д.В.Бронниковтың жетекшілік етуімен «Спектакль» аталымы бойынша І дәрежелі лауреат атанып, 100 000 теңге көлемінде сертификатқа ие болды. Қазақстанның Нұр-Сұлтан, Атбасар, Жезқазған, Көкшетау, Екібастұз және Ресейдің Кемерово, Новосібір қалаларының кәсіби және әуесқой театр ұжымдарынан 200-ге жуық адам қатысты. А.С.Пушкиннің «Сказка о попе и о работнике его Балде» ертегісінің желісі бойынша қойылым көрсеткен білім алушылар көрерменнің ыстық ықыласына бөленіп, қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды. Жетекшілері «Үздік музыкалық әрленген спектакль» аталымы бойынша дипломдармен марапатталды. Жеңімпаздар мен олардың жетекшілерін құттықтап, шығармашылық ізденістер мен толағай табыстар тілейміз!

Бөлісу