Халықаралық ынтымақтастық шеңберінде Ақан сері  атындағы жоғары мәдениет колледжінің 3 ККҰ тобының білім алушылары Ресей Федерациясы, Марий Эл Республикасы,  Йошар-Ола қаласындағы  И. С. Палантай атындағы Марий республикалық мәдениет және өнер колледжінде өткен      Д. Д. Лавров атындағы  «Театральное студенчество – межкультурный диалог»  атты мәдениет және өнер оқу орындарының X-ші Халықаралық фестиваль- лабораториясына қатысты. Біздің білім алушылар А. П. Чеховтың «Три сестры» (спектакльдің режиссері Тимур Валиев) желісі бойынша «Дом#Прозоровы» спектаклін ұсынып, жетекші театр қайраткерлерінен, профессорлардан, өнертану кандидаттарынан, театр педагогтерінен, театрлар басшыларынан жағымды  пікірлер алды. Білім алушыларға, курс жетекшісі Г. Л.Кочетоваға дипломдар мен алғыс хаттар табыс етілді. Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің директоры К.Г.Идрисова ҚР және РФ оқу орындарының арасындағы  жемісті ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі  үшін И. С. Палантай атындағы Марий республикалық мәдениет және өнер колледжінің   Алғыс хатымен марапатталды.

Бөлісу