Жастардың кәсіби біліктілігі мен шеберлігін арттыру, халықаралық деңгейдегі стандарттарға сәйкес білікті кадрларды даярлау мақсатында WorldSkills чемпионаты жыл сайын өңірлік, республикалық және халықаралық деңгейлерде өткізіледі. Біздің колледждің білім алушылары жыл сайын байқауға қатысады. WorldSkills-2020 аймақтық чемпионатына дайындық үшін 7-17 ақпан аралығында Ақан сері атындағы жоғарғы мәдениет колледжінің білім алушылары арасында «Сән технологиясы», «Сырлау және сәндік жұмыстар», «Визуалды мерчендайзинг және витринистика», «Мектептегі музыканы оқыту», «Флористика», «Интерьер дизайны», «Хореография» құзыреттері бойынша байқау өткізілді. Чемпионаттың қатысушылары дайындықтың жоғары деңгейін көрсетті, әркім өз жұмыс орнында жеке тапсырмаларды орындай отырып, алдына қойылған міндеттерді шешті.   Әрбір қатысушының табысы тек жеке кәсіби қасиеттері туралы ғана емес, сонымен қатар біздің колледжде кәсіби дайындық деңгейін де көрсетеді. Біздің колледж білім алушылары  оқу бағдарламаларын меңгеру сапасының жоғары деңгейін көрсетті.

Колледж ішіндегі чемпионаттың қорытындысы бойынша аймақтық чемпионатқа әр құзырет бойынша тәуелсіз сарапшылар ең үздік деп танылды:

«Сән технологиясы» – Тилеухан Аймерей

«Сырлау және сәндік жұмыстар» – Хасенова Тайя

«Визуалды мерчендайзинг и витринистика» – Жумабай Даурен

«Мектептегі музыканы оқыту» – Мұханбедуали Оразмұхамеджанкерей

«Флористика» – Саакян Ангелина

«Интерьер дизайны» – Артюхова Людмила, Думангали Махамбет

«Хореография» – Сабирова Медина, Ямаева Виолетта.

Біз қатысушыларға сәттілік пен жеңістер тілейміз және де ең үздік екеніне сенеміз!

Бөлісу