2021 жылғы  31 наурызда  «Көкшетау қаласы, Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжі» МКҚК жанындағы «Өнер және мәдениет» бейіні бойынша Республикалық оқу- әдістемелік бірлестігінің ұйымдастыруымен Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының  «Қостанай педагогикалық колледжі»  КМҚК базасында  «WorldSkills чемпионатында  хореографиялық ұжымның жетекшісі»  жаңа құзыреттілікті дамыту» тақырыбында республикалық онлайн-семинар өтті.

Семинарға «Talap» КЕАҚ, РФ Оңтүстік-Орал мемлекеттік гуманитарлық-педагогикалық университетінің, РФ Челябі мемлекеттік мәдениет институтының, Нұр-сұлтан қ. «Қазақ ұлттық хореография академиясы»  КЕАҚ өкілдері,  ҚР Ақмола, Қарағанды,  Павлодар, Қызылорда, Қостанай, Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстарының «Өнер және мәдениет» бейіні бойынша ТжКББ ұйымдарының арнайы пәндер оқытушылары қатысты.

Семинар барысында  Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің директоры және ОӘБ төрайымы К. Г. Идрисова, «Талап» КЕАҚ WorldSkills қозғалысын дамыту департаментінің бас менеджері Е. Ж. Омаров, Қостанай педагогикалық колледжінің директоры Г. У. Уразамбетова, хореография бөлімінің меңгерушісі С. М. Доспанова, директорының ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жөніндегі орынбасары Ж. Кубжасарова, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының әдістемелік кабинеті ТжКБ жүйесінің кадрларын даярлау саласындағы серіктестік пен халықаралық ынтымақтастықты дамыту секторының меңгерушісі М.А.Исмагилова сөз сөйледі.

Ашық диалогқа арнайы пәндер оқытушылары мен РФ Оңтүстік-Орал гуманитарлық-педагогикалық университетінің өкілдері белсенді қатысты. Семинарға қатысушыларға WorldSkills стандарттары бойынша «Хореографиялық ұжымның басшысы» құзыреттілігінде  Өңірлік чемпионат ұйымдастыру және өткізу бойынша материалдар ұсынылды.

Бөлісу