Колледж жетістіктері – бұл ең алдымен оның түлектерінің жетістігі. Ақмола облысының білім басқармасы жанындағы «Көкшетау қаласы, Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінде» 2020 жылдың 04 желтоқсанында «Педагог-мәдени демалыс ұйымдастырушы, халық аспатар оркестірінің жетекшісі» біліктілігін тәмамдаған түлектері мен 4 курс білім алушылары және оқытушылар кездесуі өтті.

Онлайн форматта өткен кездесудің ұйымдастырушысы коледжде көп жылдардан бері қызмет атқарып келе жатқан, қобыз сыныбының оқытушысы Н.Б. Нұрмышева. 2008 жылдан бергі түлектерімен байланысып, тікелей онлайн байланысқа кіре алмағандары өздерінің жылы лебіздерін бейне таспа арқылы жіберді.

Осы күнде қара шаңырақтан түлеп ұшқан түлектер еліміздің әр өңірінде қызмет атқаруда: Баяубаев С.Қ. Ақтау қаласында орналасқан «Ұлттық ұлан» 6656 әскери бөлімінде, оркестр дирижеры, Жидебаева Л.Қ. СҚО Тимирязев ауданында «Өнер мектебінде» домбыра және вокал сыныптарының оқытушысы, Елубаева Қ.М. СҚО Ақжар ауданында «Серпер» өнер мектебінде музыка бөлімінің меңгерушісі…

«Жағдайың қалай, түлегім?» атты кездесу кеші өз жалғасын табады деген сеніммен аяқталды.

Бөлісу