2021 жылдың 13 қазанында Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінде  «Жас маман» жобасы аясында «Talap» КЕАҚ жобалар және әлеуметтік әріптестік басқармасының бас сарапшысы Р.Б. Сабирова және Ақмола облысы білім басқармасының ТжКБ бөлімінің бас маманы М.Х. Тоқсанбаев іссапармен болды.

Колледж 2021 жылы заманауи жабдықтарды сатып алу үшін «Жас маман» жобасына қатысуға бекітілген. Қазіргі таңда елуге жуық  құрал-жабдықтар колледж базасына толық орнатылды. Қонақтар материалдық-техникалық базаның жаңғыртылуымен танысты, жаңадан құрылған оқу-өндірістік шеберханалардың, зертханалардың, оқу аудиторияларының жай-күйін көрді. Колледж басшысы Қ.Ғ. Идрисова оқу орнын дамыту жоспарлары туралы айтып берді. Кездесу барысында колледж оқытушылары мен білім алушылары болашақ мамандықты оқытуда дағдыларды алу үшін жасалған жағдайлар үшін өз алғыстарын білдірді.

Бөлісу