2021 жылғы 8-12 қараша аралығында «Көкшетау қаласы, Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжі» МКҚК базасында «Флористика» құзыреттілігі бойынша  «WorldSkillsKazakhstan-2021» VI республикалық кәсіби шеберлік чемпионаты өткізіледі.

Осы құзыреттілікте медаль ұтып алу мүмкіндігі үшін Қарағанды техника-құрылыс колледжінің, Хромтау тау-техникалық колледжінің, Ә.Қастеев атындағы Шымкент өнер және дизайн колледжінің, Маңғыстау қаласы, «Каспий» педагогика және салалық технологиялар колледжінің, Алматы технологиялар және флористика колледжінің, Шығыс Қазақстан облысының Бесқарағай колледжінің, Көкшетау қаласы, Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің  талантты жастары жарысатын болады.

Байқауға қатысушылар флористикалық дизайнның негізгі бағыттары саласындағы білімі мен дағдыларын алты тәуелсіз модульді орындау барысында көрсете алады.

«Флористика»  құзыреттілігі бойынша VI республикалық чемпионаттың ашылуы 2021 жылғы 8 қарашада сағат 12:00-де Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің мәжіліс залында өтеді.

Чемпионат қатысушыларына сәттілік тілейміз!

Бөлісу