«Жас маман» жобасы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2019 жылғы 23 қаңтарда Жастар жылының салтанатты ашылу рәсімінде берген тапсырмасына сәйкес әзірленді..

«Жас маман» жобасының операторы болып «Talap» КЕАҚ («Кәсіпқор» Холдингі») белгіленді.

«Жас маман» жобасының мақсаты 100 сұранысқа ие мамандық бойынша 180 колледж бен 20 жоғары оқу орнын жаңғырту және білікті мамандар даярлаудың халықаралық тәжірибесін енгізу болып табылады.

2020 жылы Ақмола облысы білім басқармасы жанындағы «Көкшетау қаласы, Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжі» МКҚК осы жобаның жеңімпаздары қатарына енді.

Жоба келесі мүмкіндіктерді ұсынады:

– білім беру үдерісін жаңғырту үшін шетелдік серіктестерді тарту;

– арнайы пәндер оқытушыларын оқыту;

– халықаралық стандарттар бойынша оқыту бағдарламасын құрастыру.

«Жас маман» жобасын іске асыру қорытындылары бойынша колледж республикалық және халықаралық деңгейде талап етілетін мамандарды даярлау үшін қажетті қазіргі заманғы жабдықтармен жарақтандырылатын болады, өңірдегі құзыреттілік орталығына айналады, сондай-ақ WorldSkills чемпионаттарына қатысушыларды даярлауды жүргізетін болады.

Мәлімделген мамандықтар:

Мамандықтың шифры және  атауы Біліктіліктің шифры және  атауы
1. 0402000 «Дизайн  (бейін бойынша)» 0402013-1 «Интерьер дизайны»
2. 0402013-3 «Киім дизайны»

 

«Жас маман» жобасын іске асыру қағидаларына сәйкес колледжде жабдықтарды орнатуға арналған үй-жайларды дайындау, қажетті коммуникация мен инфрақұрылымды жүргізе отырып, жөндеу жұмыстарын жүргізу, тиісті жиһазбен қамту бойынша жұмыстар басталды.

Шетелдік серіктеспен бірлескен жұмыс екі жыл бойы жалғасады: 2021 және 2022 жылдар.

2 жыл ішінде шетелдік серіктес Холдингпен және колледжбен бірлесіп жұмыс істейтін болады:

– колледж бағалауы бойынша

– колледж ИПҚ оқыту бойынша

– халықаралық стандарттар бойынша кадрлар даярлау бағдарламаларын енгізу бойынша.

Шетелдік серіктеспен бірлескен жұмыс нәтижесінде колледж мәлімделген мамандықтар бойынша халықаралық аккредиттеуге дайын болуы керек.

Салалық аккредиттеу – білім беру ұйымының сапасын аккредиттеу органының белгіленген халықаралық салалық стандарттарға сәйкестігін бағалау үдерісі.

Аккредиттеу үдерісінде оқытушыларды тексеру, талдау, оқыту және сертификаттау, қолданыстағы халықаралық салалық стандарттарға сәйкес білім беру бағдарламаларын жаңарту/әзірлеу жүргізіледі.

Кадр саясатының шешімі жұмыс берушілер мен колледждің тиімді серіктестігін қалыптастыруда жатыр. Индустриялық кеңес құру және енгізу «Жас маман» жобасын іске асыру кезінде бірінші кезектегі міндет болып табылады, өйткені индустриялық кеңес жұмысының шеңберінде колледж бен нақты саланың өзара қарым-қатынастары алқалық басқару жүйесімен реттеледі.

Жоба шеңберінде колледж кадрларды даярлаудың өзіндік моделін қалыптастыруды қамтамасыз етіліп, оның шеңберінде кәсіпкерлік қызметке жеке рөл бөлінуі тиіс.

Басты идея – мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен Бірыңғай қаржыландырудан қосымша қаражат көздерін дербес іздеу негізінде көп арналы қаржыландыруға көшу.

Колледждің Кәсіпкерлік қызметінің тұжырымдамасы үш міндетті шешуді қамтамасыз етуі тиіс:

– бірлескен коммерциялық жобаларды немесе кәсіпорындар үшін жобаларды құру және іске асыру арқылы колледжге компаниялардың қаражатын тарту (біліктілікті арттыру, қайта даярлау, колледждің жарғылық қызметіне қайшы келмейтін бағыттар бойынша қызметтер көрсету;

– болашақта жеке бизнесін ұйымдастыратын студенттерді кәсіпкерлік бағдарламаларына оқыту – студенттердің кәсіпкерлік ойлауын дамыту;

– қызметіне студенттер мен түлектерді тарта отырып, колледж базасында бизнес – инкубатор (шығармашылық жобалардың дизайн – бюросы немесе полиграфиялық студия, ателье-киім тігу және безендіру жөніндегі шығармашылық зертхана) құру,   сол арқылы өз компанияларын құруға көмектесу.

Жобаның іске асырылуына мониторинг пен талдауды Холдинг әрбір өңір мен колледж бөлінісінде 5 жыл бойы жүргізетін болады.

Бұл ретте, жобаны тиімді іске асыру үшін директорларды даярлау мақсатында       «ТжКБ көшбасшылары корпусы» жобасы іске асырылады, оған директорлар мен директорлардың орынбасарлары міндетті түрде қатысуы тиіс.

Мониторинг жартыжылдық және жыл қорытындылары бойынша жылына 2 рет жүргізілетін болады.

 

 

Атқарылған жұмыс туралы есеп

Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Көкшетау қаласы, Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжі» МКҚК «Жас маман» жобасына қатысу үшін бекітілді (өңірлік комиссия отырысының 18.06.2019 ж. №1 шешімімен бекітілген №1 қосымша).

2021 жылы 245 777 300 теңге сомасына заманауи жабдықтарды сатып алу үшін. Осы сомаға жабдықтардың тізбесі жасалды.

«Жас маман» жобасына қатысу үшін мамандықтар анықталды:

0402000 «Дизайн (бейін бойынша)» мамандығы

0402013-1 «Интерьер дизайны»; 0402013-3 «Киім дизайны» біліктіліктері.

«Жас маман» – 2021 мамандығы бойынша білім алушылар контингенті:

 

Киім дизайны:

1 курс-16 білім алушы

2 курс-11 білім алушы

3 курс -9 білім алушы

4 курс-12 білім алушы

БАРЛЫҒЫ: 48

 

Интерьер дизайны:

1 курс-27 білім алушы

2 курс-19 білім алушы

3 курс- 18 білім алушы

4 курс-17 білім алушы

БАРЛЫҒЫ: 81

Барлығы мамандық бойынша жалпы контингент 129 білім алушы.

 

  • Аталған мамандық бойынша жұмыс істейтін оқытушылардың жалпы саны – 24, оның ішінде 7 арнайы пән оқытушылары.
  • Аталған мамандық бойынша оқулықтардың саны: қағаз тасығышта 29 атау (317 дана) және электрондық тасығышта 8 атау.
  • Арнайы пән оқытушылары – М.А. Тукеева, У. С. Мамбетова, Г. Б. Сеитова шетелдік серіктеспен оқуға өтініш білдірді.
  • Колледж инфрақұрылымын жабдықтарды орнатуға дайындау бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бүгінгі күні жөндеумен зертханалық кабинеттер дайындалды. Дайындалған үй-жайлардың жалпы ауданы – 196 ш. м. (№111, №113 кабинеттер препараторлықпен, ауданы 22,8 ш. м. +70,9 ш. м.+120 ш. м.)
  • 2022-2023 оқу жылына дуальді оқыту технологиясын енгізуді жоспарлап отырмыз.
  • Жеке арнайы пәндерді немесе кәсіби модульдерді мәлімделген кәсіп (мамандық) бойынша ағылшын тілінде оқыту мәселесі пысықталуда және жетілдірілуде.
Бөлісу