Ақмола облысының білім басқармасы жанындағы «Көкшетау қ., Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжі» МКҚК Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары арасындағы облыстық конкурстың қорытындысы бойынша «ТжКБ үздік ұйымы»  грантының иегері атанды (Ақмола облысы ББ 04.04.2023 ж. №143 бұйрығы).

Ақмола облысының Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің жоспарына сәйкес «Көкшетау қ., Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжі» МКҚК мемлекеттік аттестаттаудан өтті (16.02.2023 ж. № 17-11-01-08/109 бұйрық).

Колледж Ресей Федерациясының Челябинск облысы губернаторының гранттар қорының қолдауымен халық биін дамыту қоры ұйымдастырған Халықаралық «Достық би көпірлері»  жобасына қатысты.

Колледж ақын, композитор, әнші Ақан сері Қорамсаұлының 180 жылдығына орай «Ақаннан әуелеген әсем ән» атты республикалық дәстүрлі ән орындаушылар байқауының бастамашысы және ұйымдастырушысы болды.

Білім беру сапасын арттыру бойынша жұмысы.

Колледжде  білім беру сапасын арттыруға бағытталған іс-шаралар жоспары қабылданып, іске асырылды:

  • Оқу үлгерімі 99%, білім сапасы 88% құрады;
  • Колледж түлектеріне QR-коды бар бланкілерде дипломдар берілді;
  • Оқу орнындағы интернет жылдамдығы-100 мб / с.;
  • Біліктілікті арттыру курстарынан Talap КЕАҚ  ұйымдастыруымен – 34 педагог, «НЗМ»  АҚ бағдарламалары бойынша – 5 педагог өтті.

Білім алушылардың жетістіктері:

  • Қазақстан Республикасының XIV ұлттық жастар Дельфий ойындарының өңірлік іріктеу турында «Халық биі» номинациясында 1-орынды «Жарқын» халық би ансамблі, «Театр өнері» номинациясында1-орынды «Infinity laboratory» театры иеленді;
  • «Infinity laboratory» театры XIV ұлттық жастар Дельфий ойындарының республикалық кезеңінде 1- орынға ие болды;
  • «Bad boy және басқалары» КВН командасы Ақмола облысы бойынша КВН көктемгі фестивалінің бас кубогын жеңіп алды;
  • Отан қорғаушылар күніне арналған облыстық сап және ән байқауында «Тұмар» әскери-патриоттық клубы 1- орынға ие болды;
  • Нұрсұлтан Назарбаев Қорының жыл сайынғы республикалық студенттік шәкіртақы байқауының жеңімпазы – Ғалымжан Айшолпан («Киім дизайны» мамандығы);
  • IV Халықаралық «Arte Italiana» өнер фестивалінде «Самоцветы» халық биі ансамблі Гран-приді жеңіп алды;
  • «Өзіңнен баста» облыстық жеңіл атлетика жарысында 3 курс білім алушысы О.Жильцова 1- орынды иеленді.

Оқытушылардың жетістіктері:

  • ТжКББ ұйымдарының мәдениет және өнер саласы бойынша педагогтары арасында өткен республикалық кәсіби шеберлік байқауында дизайн пәндерінің оқытушысы Ұ.С.Мамбетова «Сәндік-қолданбалы және халықтық кәсіпшілік өнер» құзіреттілігі бойынша 1-орынды, Д.В.Бронников «Актерлік өнер» құзіреттілігі бойынша 3-орынды иеленді.
  • WorldSkills республикалық чемпионаты аясында өндірістік оқыту шебері, дизайн пәндерінің оқытушысы З.С. Мухаева көйлек-драперді модельдеу бойынша шеберлік сыныбын көрсетті.
  • Облыстық «Қазақтану» және «ЕЛ бірлігі» ҚХА жобасы аясында «Сәукеле мен киелі кимешек» тақырыбында өткен ұлттық-қолданбалы өнер шеберлерінің байқауында киім дизайнының оқытушысы Құлжазира Хавдыразах Гран-при иегері атанды.
  • «Өзіңнен баста» облыстық жеңіл атлетика жарысында дене шынықтыру пәнінің оқытушысы Н.Н. Кокенов жүлделі 3 орынға ие болды.

Оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру бойынша жағдайларды жақсарту

Колледж базасында жұмыс істейді:

  • «Сәнім», «Дефиле-Fashion» шығармашылық студиялары;
  • «Амигос» вокалдық-аспаптық тобы;
  • Халықтық «Жарқын» би ансамблі;
  • «Самоцветы» халықтық билер ансамблі;
  • «Диамант» заманауи би ансамблі;
  • «Эвент» имидж-тобы;
  • «Еl jastar» Жастар театры» және  «Infinity» эксперименттік зертханалары;
  • «Қуыршақтар» театры;
  • «Балқадиша»қыздарды ұлттық дәстүрлерде тәрбиелеу клубы;
  • Бауыржан Момышұлы атындағы әскери-патриоттық клуб;
  • «Парасат» клубы («Оқуға құштар колледж» жобасы аясында);
  • «Мен кәсіпкермін» клубы;
  • Пікірсайыс клубы.

Білім алушылардың тамақтануы

Тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты әлеуметтік көмек алатындар:

  • қамқорлықтағы білім алушылар-8 адам;
  • көп балалы отбасылардан, атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын отбасылардан білім алушылар – 83 адам;
  • білікті жұмысшы кадрларды даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша білім алушылар-64 адам.

МТБ-ны нығайту

  • «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін үздік ұйым» грантын беру бойынша облыстық конкурс жеңімпазы болып, 20 млн. теңгені иелендік. Бұл қаражатқа екі LED экран, компьютерлер, теледидар, сахналық киімдер алынды.
  • шағын тігін кәсіпорындарына арналған САПР «Julivi» бағдарламасы арқылы жұмыс істейтін «АРМ Ательесі» іске қосылды.

Қауіпсіздік (инфрақұрылым)

  • Колледжде білім алушылар үшін қауіпсіз орта мен қолайлы жағдайлар жасалған. Бейнебақылау орнатылған: барлық бейнекамералар саны – 76, үй-жайларда – 60, іргелес аумақтарда – 16, оның ішінде ЖБО-ға қосылған-16.
  • Ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдар үшін кедергісіз орта қамтамасыз етілді.

Жұмыс берушілермен өзара іс-әрекет

  • Көптеген жылдар бойы колледж облыс және республика мәдениет мекемелерімен тығыз қарым-қатынаста болды. Оқу орны мәдениет ұйымдарымен, білім беру мекемелерімен және шағын бизнес кәсіпорындарымен ынтымақтастық туралы 30-дан астам меморандумдар мен шарттар жасасты;
  • 2023 жылы кәсіпкерлер Г. С. Алдабергеновамен («Ақай» сән үйі) және Е.Г.Быдановамен («Спецодежда»ЖК) өндірістік оқыту саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды;
  • «Таңдау аумағы» жобасын іске асыру аясында «Әулет» мектептен тыс жұмыс орталығы» МКҚК, колледж және әлеуметтік серіктестер арасында меморандумға қол қою рәсімі өтті;
  • Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің бастамасымен колледж базасында интерьер дизайны мен декоры бағыты бойынша қызмет салаларында өзін сынақтан өткізу мүмкіндігімен ерте бейіндеу бойынша «Проекция»  үйірмесі өз жұмысын бастады.

Дуальды оқытуды дамыту

«Актерлік өнер» мамандығы бойынша білім алушыларды дуальды оқыту Ш.Құсайынов атындағы Ақмола облыстық қазақ музыкалық-драма театрының базасында жүзеге асырылуда. Театр репертуарына «№ 13» және «Маугли» спектакльдері кірді, онда барлық рөлдерді колледждің 10 білім алушысы орындайды. 2023 жылы бідім алушылардың кәсіби сахнада өнер көрсетуі дуальды оқыту жүйесі арқылы жеткен  үлкен жетістік болды.

Мақсатты даярлау

Мәдениет және өнер сегменті кәсіпорындарының нақты қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін, сұранысқа ие білікті кадрларды даярлау мақсатында колледждің 30 білім алушысы нысаналы мемлекеттік тапсырыс бойынша оқып жүр.

Кәсіптік практика

2023ж. кәсіптік практиканы ұйымдастыру және өткізу үшін қажетті шарттарға сәйкес келетін ұйымдар мен мекемелер өндірістік практика базалары ретінде айқындады, өңірдің 99 мәдениет және білім беру ұйымдарымен, жеке кәсіпорындарымен 144 шарт жасалды.

Жұмысқа орналасу

2023 ж. колледжді 82 түлек бітірді, оның ішінде жұмысқа орналасқандар саны – 54, ЖОО-да оқуын жалғастырғандар – 18, қорытындысында бұл көрсеткіш 89% құрайды.

WSK чемпионатына қатысу

  • Колледж білім алушылары «WorldSkills Aqmola-2023» чемпионатында «Флористика» (Екатерина Лихолетова), «Графикалық дизайн» (Жексембай қасиет), «Сәнді киім және аксессуарлар дизайны» (Есет Еркежан), «Сән технологиясы» (Ғалымжан Айшолпан) құзыреттіліктері бойынша 4 алтын медаль жеңіп алды.
  • Саакян А. «Флористика» құзыреттілігі бойынша «WorldSkills Қазақстан-2021» ҮІ республикалық кәсіби шеберлік чемпионатының жеңімпазы ретінде «EuroSkills-2023» чемпионатының құрамасына кірді.
  • Жексембай Қасиет «WorldSkills Қазақстан-2023» республикалық чемпионатына «Графикалық дизайн» құзыреттілігі бойынша қатысып, жүлделі 3- орынға ие болды.
Бөлісу