ҚР Президентінің 2018 жылғы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында жаңа мүмкіндіктерді дамыту» атты жолдауында: «Цифрлық білім беру қорларын дамыту, мектептерімізді кең жолақты ғаламторға қосу және видеоқұрылғылармен жабдықтау жұмыстарын жалғастыру қажет», – делінген.

Компьютерлік сынып – колледждің ақпараттық-білімдік ортасы, ол білім алушыларды  әлемдік ақпарат талаптарына сай дайындайды.

Н.Ротшильдтің «Ақпарат білген адам әлемді билейді» деген сөзі бәрімізге белгілі. Компьютерлік сыныптың ақпараттық-білімдік ортасы оқу үдерісінің мақсатын көрсетеді, сандық білім беру қорларын дамытып, оқытудың жаңа тиімді әдістерін қолданып, оқу үдерісінің экономикалық тиімділігінің қажеттілігін анықтайды.

Кабинетте оқу жоспары шеңберінде:

  • информатика пәнінен аудиториялық сабақтар, арнайы және жалпы пәндер компьтерді қолдану арқылы  өтеді.
  • Білім алушылардың өздік жұмысқа дайындалуына, сондай-ақ оқу жоспары бойынша курстық, дипломдық, т.б. өздік жұмыстың түрлерін дайындауға сағат бөлінеді.
  • Оқу-әдістемелік бағдарламаның жиынтығы қалыптасады.
  • Электронды оқу құралдары мен оқулықтар банкі қалыптасады.
  • Оқытушыларға, білім алушыларға, кітапхана қызметкерлеріне колжетімді әдістемелік әзірлемелер мен оқу-әдістемелік әдебиет дайындалады.
  • Студенттерге пән бойынша оқытушылар мен компьтерлік сыныпқа жауапты адам кеңес береді, оқу үдерісінде оқытушыларға, колледж қызметерлеріне қажетті бағдарламалық өнімдерді қолдануға жағдай жасалған.
  • Колледж компьютерлерін қолданушылар ғаламтор желісі мен жергілікті желіге қосыла алады.

Колледждің компьютерлік сыныбы  білім алушылардың, оқытушылар мен  қызметкерлердің компьютерлік біліктілігін қамтамасыз ететін әдістемелік орталық болып табылады, 11 жұмыс станциясы (студенттің компьтері), 1 сервер (оқытушының компьютері), лезерлі принтер, модем, компьютерлік желіні ұйымдастыратын желілік құралдардан тұрады.

Белгілі интернет-журналшы және тележүргізуші Джулиан Ассанж: «Пернетақта басқан саусақ арқылы әлемдегі өзгерістерді бақылау өте қызықты» деген екен. Қазіргі заманда әр адам осыны сезеді. Сондықтан колледж оқытушылары сабақ барысында өздері жасаған интербелсенді көрнекі құралдар мен электронды оқулықтарды, Web-технологияны кеңінен қолданады. Бұл туралы Н.Гейманың: «Ақпарат пен білім ешқашан сәннен шықпаған екі валюта»- деген пікірі бар.

Бөлісу