Біз, Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің  (әрі қарай Колледж) білім алушылары мәдение және өнер саласының жоғары білікті мамандарын даярлау бойынша Колледж миссиясын жүзеге асыру үшін   өзіміздің жауапкершілігімізді сезіне отырып;  Колледжде  оқу орнының білім алушылары, қызметкерлері мен әкімшілік арасында демократиялық қарым-қатынасты қалыптастырып және Ақмола аймағы мен Қазақстанның кәсіби кадрларын даярлау орталығы мен білім беру жүйесінің жетекші мекемесі ретінде Колледж имиджін сақтап, этика ережесін сақтауды міндет санай отырып Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Көкшетау қаласы, Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжі» МКҚК Білім алушыларының   осы Ар-намыс кодексін қабылдаймыз және оны орындауға міндеттенеміз.

Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Көкшетау қаласы, Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжі» МКҚК-ң Ар-намыс кодексін (әрі қарай – Кодекс) назарға ала отырып, өзіміздің ізбасарларымызға  осы Кодексті анықтау және толықтыру құқығын қалдырамыз.

Осы Кодекс колледж білім алушылары тәртібінің этикалық негіздерін реттейді.

Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Көкшетау қаласы, Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжі» МКҚК-ң Ар-намыс кодексін қабылдай отыра міндеттенеміз:

1 бап. Қазақстан Республикасының Конституциясын және қолданыстағы заңнамасын, Жоғары мәдениет колледжінің Жарғысын, Колледждің ішкі тәртіп Ережесін және басқа да нормативтік актілерін сақтауға.

2 бап. Қазақстан Республикасының беделді азаматы, таңдаған мамандығында кәсіби болуға, өз бойында шығармашылықты тұлғаның ең жақсы қасиеттерін дамытуға.

3 бап. Колледж имиджін сақтауға, оның дәстүрлерін бағалауға және құрметтеуге.

4-бап. Белсенді, шығармашыл тұлғаны дамытуға, колледждің корпоративтік мәдениеті мен имиджіне бағытталған барлық әрекеттерді қажетті және пайдалы деп санауға.

5 бап. Салауатты өмір салтын ұстануға және насихаттауға, зиянды дағдылардан толық бас тартуға.

6 бап. Колледждің басқа білім алушыларымен, оқытушыларымен, қызметкерлерімен және әкімшілігімен  қарым-қатынас барысында ізеттілік,  әдептілік, құрмет танытуға.

7 бап. Жыныстық, ұлттық немесе діни айырмашылық бойынша кемсітушілікті болдырмауға.

8 бап.  Колледждің мүлкін, соның ішінде кітапханалық-ақпараттық ресурстарды сақтауға, тазалық пен тәртіпті қадағалауға және вандализмге жол бермеуге.

9 бап. Колледжден тыс жерде жоғары мәдениет колледжінің өкілі екенін есінде сақтауға және оның намысы мен абыройын сақтауға бар күшін салып тырысуға.

10 бап. Оқу үрдісі барысында әділетсіздік, ұқыпсыздық және ниетсіздікті жіберу қолайсыз деп санап, оқуға және барлық білімді бақылау нысандарына адал ниетпен қарауға.

11 бап. Өзінің оқу міндеттерін қатаң орындауға, этикалық, академиялық және құқықтық бұзушылықтарды жібермеуге, соның ішінде:

  • парақорлық;
  • сабақты себепсіз босату;
  • кешігу;
  • оқытушыны алдау және сыйламау;
  • сабақ уақытында тәртіп бұзушылық;
  • жоғары баға алу үшін туысқандық немесе қызметтік байланыстарды пайдалану.

12 бап. Колледждегі барлық жемқорлық әрекеттермен белсенді күресуге.

13 бап. Дресс-код сақтау – ұқыпты көріну: Оның сыртқы түр-келбеті этикалық нормаларына сәйкес келуі керек, киімнің іскерлік стилін сақтауға.

14 бап. Кодекс ережелері бұзылғанын байқағанда оны өз күшімен түзетуге тырысуға немесе бұл туралы әкімшілікке хабарлауға.

Бөлісу