Қымбатты достар!

Көкшетау қаласы, Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің сайтына қош келдіңіздер! Мұнда сіз колледж қызметімен, оның тарихымен, құрылымымен таныса аласыздар! Студенттер, ата-аналар, талапкерлер, оқытушылар өздеріне қажетті ақпаратты таба алады!

Бүгінгі таңда біздің колледж – Қазақстан Республикасының мәдениет және өнер саласындағы үздік оқу орындарының бірі. Бұның дәлелі . «TALAP» КЕАҚ өткізген саралау қорытындысы бойынша 2017, 2018, 2019 жж. бірінші орынға ие болуы.

Оқу орны шығармашылық ұжымдардың жыл сайынғы жетістіктерімен және олардың облыстық көркемөнерпаздар байқауының лауреаты атағымен, Түркия еліндегі фольклорлық ансамбльдер, Дагестан Республикасындағы «Каспий – достық жағалауы» халықаралық фестивальдеріне қатысуымен, Ресей Федерациясы Йошкар-Ола және Курган қалаларында өткен театралдық қойылымдарымен, облыстық, республикалық және халықаралық жастар Дельфий ойындарындағы, «Қазақстан раушандары» фестиваліндегі жеңістерімен мақтанады.

Колледж түлектері Қазақстанның көптеген аймақтарында, сонымен қатар алыс және жақын шетелдерде мәдениет және өнер салаларының жоғары кәсіби мамандары болып қызмет атқаруда.

Колледжде нағыз мамандар, өз ісінің шеберлері, білікті оқытушылар еңбек етіп, білім алушыларға хореографияның, сценарий жазу шеберлігінің, режиссураның, дизайн өнері мен кітапхана ісінің құпияларын ашып, қыр-сырын үйретуде.

Ізгі тілекпен және шынайы құрметпен Көкшетау қаласы, Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің директоры Мұхамедияр Саян Болатұлы.

Миссия

                           

Социумның үнемі өзгеріп отыратын жағдайларына тез бейімделуге қабілетті жаңа буынның жоғары білікті кадрларын даярлау.

Пайым

Дәстүрлерді сақтай отырып және инновацияларды енгізе отырып, колледж – қоғамда лайықты орынға және мансаптық өсу мүмкіндігімен қоғам мен жұмыс берушілердің талаптарына сәйкес Мәдениет және өнер саласындағы жоғары білікті мамандарды сапалы даярлауда білім беру ұйымдары арасында көшбасшы.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Бөлісу