ҚҰРМЕТТІ БІРІНШІ КУРС СТУДЕНТІ!

Сіздерді Білім күнімен және «Көкшетау қаласы, Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжі» МКҚК-ғы жаңа оқу жылының басталуымен құттықтаймыз! Білім және іскерлік шыңына апаратын жолда Сендерге көмек  беруге дайын адамдар бар екенін біліңдер. Сендер тәртіпті, еңбекқор, ынталы болыңдар!

Студенттік өмірдің басталуымен құттықтаймыз! Кәсіби және жеке жетістіктерің үшін маңызды бастау болатын өміріңдегі жаңа кезең басталды. Енді сен  Қазақстан Республикасының мәдениет және өнер саласындағы үздік  оқу орны – Көкшетау қаласы, Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің («Кәсіпқор» холдингі» қорытындылаған  «Колледждер рейтингі 2017» 1-орын) білім алушысы болып табыласың. Оқу орны шығармашылық ұжымдарының жыл сайынғы жетістіктерімен және олардың облыстық көркемөнерпаздар байқауында алған атақтарымен, халықаралық фестивальдерге қатысуларымен, театралдық қойылымдарымен, республикалық және халықаралық жастар байқауларындағы жеңістерімен мақтанады. Колледжіміздің түлектері Қазақстанның әр аймақтарында, сонымен қатар шетелдерде жұмыс істейді. Колледжде өз ісінің шеберлері,  нағыз мамандар еңбек етеді.  Олардың көмегімен хореографияның, сахна шеберлігінің, режиссураның, дизайн өнері мен кітапхана ісінің қыр-сыры меңгеріледі.

Колледжде әркез жаныңа жақын істі таба аласың: шығармашылықпен, қоғамдық жұмыспен, ғылыммен айналысу, түрлі жұмыстың шыңына жету.  Педагогикалық және  студенттік ұжым Сіздерге сенеді және оқу барысында терең білім алумен қатар құзіретті, жоғары білікті маман болатындарыңызға, ынтымақтастық пен адами өзара қарым-қатынасты бағалайтыныңызға сенім артады.  Сіздерге табыс, денсаулық және сәттілік тілейміз! Ақ жол!

Бірінші курс студентіне  кеңес

Оқудың алғашқы күндері, тіпті апталарында  белгісіздік және жаңалықпен туындаған абыржуды сезінесің.  Бұл жағымсыз болғанымен, жақын арада басылатын жаңа жағдайға бейімделумен байланысты табиғи күй.  Сен жалғыз емес екеніңді біл!  Сені үлкен және тату студенттік «отбасына» қабылдаған куратор, педагогикалық ұжым, курстастарың әрқашан жаныңда.  Саған арналған міндетті кеңестерді оқысаң, біздің оқу орнында өзіңді жайлы сезіну үшін қалай әрекет ету керектігі жайында біле аласың.

Бірінші кеңес

Әзірге кабинеттердің бағытын біле алмасаң, 10-15 минутқа ерте келуге әдеттен: сол кезде бірінші сабаққа кешікпейсің, барлық студенттерге ортақ ішкі тәртіпті бұзбайсың.

Екінші кеңес

Кураторды тануың керек. Ол түрлі мәселелерді жедел шешуге көмектесе алатын адам. Алғашқы кездесуде оның тегін, атын, әкесінің атын, байланыс телефонын жазып ал. Кураторға өз жетістіктерің жайлы, қолыңнан не келетіні туралы айт,  өзіңді қай жағыңнан көрсеткің келетіні туралы ойыңмен бөліс.

Үшінші кеңес

Бірінші күннен бастап ақпараттық тақтадан өз тобыңның сабақ кестесін (мамандық пен курсыңның шифрын есіңде сақта) тауып, жазып ал.  Ол үшін қолыңа түскен дәптерді қолдануға кеңес бермейміз.  Маңызды ақпаратты жазу үшін күнделік арна.  Колледжде сабақ кестесі өзгеруі мүмкін, сондықтан она қайта тексер.

Төртінші кеңес

Қолыңа блокнот алып, колледж ғимаратын қарап шық. Асхана мен киім тапсыратын орынның қай уақытқа дейін жұмыс істейтінін анықта.  Курстастарыңмен топтың чатын құр, телефон номерлары мен электрондық пошта мекен-жайын жаз. Сабақ кестесін білу, сабаққа келмейтінің туралы ескерту үшін хабарласуға ұялма.

Бесінші кеңес

Колледж кітапханасында сабаққа сапалы дайындалуға көмектесетін оқу әдебиеті бар.

Алтыншы кеңес

Әр пән бойынша жеке дәптерің болу керек. Дәптердің сыртқы бетіне сабақ беретін  оқытушының тегін, атын, әкесінің атын жаз.  Жазуды ұқыпты және уақытында жүргізіп  отыр.  Дәптер студентке мінездеме беретінін ұмытпа. Сонымен бірге сөмкеңе «артық» қалам сал. Керекті ақпараттың астын сызу үшін түрлі-түсті маркер алып жүру пайдалы.

Жетінші кеңес

Аттестаттау мен сессияға дайындық бірінші сабақтан басталатынын есіңе сақта. Пәндерді жүйелі зерделе: конспектілерді оқы, қосымша сабақты оқы, күрделірек сұрақтармен жұмыс істе.

Сегізінші кеңес

Сабақта белсенділік таныт: толықтырып, нақтылап жауап бер,  сұрақтар қой. Қиналған жағдайда, оқытушыға айт.  Үй тапсырмасын орындап отыр.

Тоғызыншы кеңес

Сабақты босатпа! Сабақта кімнің бар-жоқтығының  қатаң есебі жүргізілетінін ұмытпа. Егер сен оқу күнін себепті не себепсіз босатқан болсаң, әр сабақты өтеуің керек. Ауырып қалған жағдайда, жазылып шыққаннан кейін жеке тапсырма алып, оны табысты орындау үшін, жіберіп алған тақырыпты өзің зерделе.

Оныншы кеңес

Өзіңді ылайықты ұста. Басқалармен қарым-қатынаста әдепті, сыпайы бол.  Басқаның пікірін құрметте. Сен болашақ мәдениет қызметкері екеніңіді есіңе сақта!

Он бірінші кеңес

Өмір сүр және позитивті ойла.  Күшіңді артық уайымдарға кетірме. Студенттік өмірде өзіңді көрсет! Өз талантыңды көрсет! Оқу және қоғамдық жұмысты үйлестіре білу керек екенін ұмытпа. Іс-шаралардың, конкурстардың, байқаулардың белсенді қатысушысы бол.

Жиі қойылатын сұрақтар

Сыртқы келбетке қойылатын белгілі  талаптар бар ма?

Біздің оқу орнында киімнің іскери стилі дәстүрлі.  Бастарың таза болуын қадағалау керек: таза ұзын шаштарыңды өріп жүріңдер.  Ашық түсті макияжға, қауіпсіздік мақсатында биік өкшеге рұқсат етілмейді. Ыңғайлық және санитарлық-гигиеналық нормаларды сақтау үшін ауыспалы аяқ киім ала жүр.

Студенттер қандай да бір жастар ұйымына кіре ме?

Студентік жылдар – бұл ерекше  бауырластық уақыты. Қазақстан Республикасының әр  аумағынан келген жастардың  жақын араласуы үлкен іс-шара – Студентікке қабылдау кезінде болады.  Бұл іс-шара саған әлеуметтік мәртебе – студент мәртебесін бекітеді.  Саған ресми құжат болып табылатын – студенттік билет табысталады.

Өз күніңді қалай жоспарлау керек?

Оқу күнінің оқу кестесімен регламенттелетінін әрбір студент есінде сақтауы керек. Ресми рұқсатсыз сабақтан ешкім кете алмайды. Сабақтан басқа жоспарларды байқап отыру керек, ол туралы саған куратор айтады.

Шәкіртақы алуға  кімнің құқығы бар?

Бірінші семестрде барлық бірінші курс студенттері шәкіртақыны алады. Екінші семестрде шәкіртақыны төлемі  1 семестрдің қорытындысы бойынша жүргізіледі.  Қанағаттанарлық бағалар («3») болса,  алдағы уақыттағы семестрде шәкіртақыдан айрылады, дегенмен жаңа семестрдегі оқу қорытындысы бойынша студент қайтадан шәкіртақы иегері бола алады.

Бірінші курс студенттерінің білімін бақылау қалай өткізіледі?

Студенттер сабақ барысында жиі жауап береді. Ағымдағы бағалар журналға жазылады. Емтихан сессиясы емтихандар тапсыруды ұйғарады. Пәндер бойынша білім кесіндісі өткізіледі.

Бірінші семестр қаншаға созылады? Демалыс бар ма?

Барлық мамандықтардың бірінші курс студенттері оқуды 1 қыркүйектен бастайды. Бірінші курстар үшін бірінші семестр 17 оқу аптасын құрайды. Демалыс екі аптаға созылады. Практика кезінде әр семестрде неше оқу аптасы екенін оқу үрдісі кестесінен біле аласың.

Студенттің қабілетін жетілдіру үшін жағдай бар ма?

Студентке оқудың алғашқы күнінен бастап оқу және оқудан тыс қызметте  өзін көрсету мүмкіндігі беріледі.  Олар пәндік олимпиадаларға қатыса алады; ғылыми жетекшілері оларға ғылыми зерттеулер үшін қызықты және өзекті тақырыптар ұсынады. Дарынды студенттер кәсіби шеберлік конкурстарына жіберіледі.  Өзін-өзі шығармашылық көрсету құпталады.

Бос уақытыңызды қалай ұйымдастыру керек?

Студенттердің қосымша білім алу жүйесі түрлі үйірмелермен ұсынылған, олардың кестесімен колледж сайтынан танысуға болады. Алғашқы қадам жасау өз қолыңда! Таңда да әрекет жаса!

Егер  денсаулығыңмен проблема болса…

Оқу жоспарына сәйкес колледждің барлық мамандықтары бойынша «Дене тәрбиесі» пәні бар. Егер сенің денсаулығыңмен проблема болса, ДКК анықтамасын алу үшін қажетті құжаттарды алдын ала (оқу жылы басталғанға дейін) жина.

Егер әлсіздік сезінсең, міндетті түрде сені тексеріп, әрі қарай тексерілу және емделу  үшін қайда жіберетінін шешетін колледждің медициналық қызметкеріне жүгін. Өзіңді нашар, әлсіз сезінгендігің, сырқаттанғаның туралы айтуға ұялма – медициналық қызметкер саған алғашқы жәрдем көрсетеді.

Егер бірдеңе болса…

Жағымсыз жағдайға әркім кезігуі мүмкін. Қамықпау керек. Алғашқы сәттен бастап абыржымай, ересек адамға көмекке, кеңеске жүгіну керек.  Ең алдымен, өз проблемаң туралы кураторыңа айт. Егер ересек адаммен ашық әңгімелесуден қорқатын болсаң, ол үшін колледжде бірінші қабатта орналасқан «Сенім жәшігі» қарастырылған.

Пайдалы ақпарат

 Сізді қызықтыратын барлық ақпарат колледждің ресми  сайтында орналасқан  kkas.kz, а также Instagram – @college_cultury_akan_sery, Facebook – Идрисова Куралай Газизовна (мәдениет колледжі).

 Қандай да бір мәселе шешу керек болса, осы кестеге қарау керек!

Директор Каб.218
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Каб.215
Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Каб.211
Директордың оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары Каб.224
Директордың шаруашылық жұмыс жөніндегі орынбасары Каб. 104
Педагог – психолог Каб. 211
Әлеуметтік педагог Каб. 211
Медициналық қызметкер Каб.108
Оқу бөлімі Каб.224
Жастар ісі жөніндегі комитет Каб. 211
Кітапхана 1 этаж
Асхана 1 этаж
Жатақхана 4 этаж
Костюм сақталатын орын Каб.126
Есеп бөлімі Каб. 206

Сабақ кестесі 1 қабатта және колледж сайтында орналасқан.

МАМАНДЫҚТАР МЕН ТОПТАРДЫҢ АББРЕВИАТУРАСЫ

Кестеден өз тобыңызды тауып алу үшін аббревиатураны білу керек.

Сан  –курс (1-ші, 2-ші, 3-ші, 4-ші).

Әріптік белгілеу – мамандық.

(қаз)/(ор) – оқыту тілдері

ДТА – драма театры актері

ХАОЖ – халық аспаптары оркестрінің жетекшісі

КҚҰ – көпшілік қойылымдарды ұйымдастырушы

БП – биші-педагог

ТҰЖ – театр ұжымының жетекшісі

КБ– кітапхана бөлімі

ИД –интерьер дизайны

КД – киім дизайны

Мысалы:

1 БП (ор.) – бірінші курс Орыс тілінде оқитын биші-педагог.

Оқу сабақтары

I пара 8.30 – 10.00

II пара 10.15 – 11.45

III пара 12.15 – 13.45

IV пара 13.55 – 15.25

V пара 15.35 – 17.05

VI пара 17.15 – 18.45

СӘТТІЛІК ТІЛЕЙМІЗ!

 

 

 

Бөлісу