Құрметті ұстаздар мен білім алушылар!

Колледж  кітапханасы сіздердің назарларыңызға тегін ақпаратты-білімділік сайттар тізімін ұсынады.

www.nlrk.kz (Алматы) ҚР Ұлттық кітапханасының сайтында Мұхтар Әуезов туралы қомақты ақпараттық мәліметтер, оның өмір жолы, шығармашылығы, сонымен қатар ұлы жазушының барлық шығармалары онлайн берілген: романдары, повестері, драмалар, пьесалар.

musicheritage.nlrk.kz ҚР Ұлттық кітапханасының «Қазақстандық музыкалық мұра» жобасы Қазақстанның музыкалық шығармаларының үздік үлгілері бар өте құнды граммпластинкаларды жинақтауға арналған.  Бұл – онлайн күйлер, халық өлеңдері, опералардың ариялары, заманауи қазақстандық композиторлардың шығармалары және т.б.

doc.nlrk.kz ҚР Ұлттық кітапханасының «Қазақстандық заманауи әдебиет» жобасы қазақстандық жазушыларының шығармалары қорын қазақ, орыс, ағылшын тілінде онлайн қолжетімді етуге арналған.

classic.nlrk.kz ҚР Ұлттық кітапханасының «Қазақ классикалық әдебиет» жобасы отандық классикалық әдебиеттер қорын қазақ, орыс, ағылшын тілінде онлайн қолжетімді етуге арналған.

abay.nabrk.kz (Астана) ҚР Ұлттық Академиялық кітапханасының ұлы ақын, жазушы, қоғам қайраткері, қазақша жазба әдебиеттің негізін қалаушы Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығын насихаттауға арналған жоба. Абай туралы барлық мәліметтер мен оның шығармалары онлайн орналастырылған.

www.kazneb.kz Қазақстандық ұлттық электронды кітапхана КазНЭБ – бұл үнемі толықтырылу негізінде мемлекеттік кітапханалық қордың каталогы және пайдалану қорының  э-көшірмелерін бірегей электронды сақтау орны.

www.lib.kaznu.kz Әл-Фараби атындағы кітапхана. Қазақ ұлттық университетінің оқу және ғылыми үрдістерін ақпаратық-кітапханалық қызметпен қамтамасыз етуші құрылымы. Кітапхананың сайтында тегін ақпараттық ресурстар орналастырылып, кітапханашылардың кәсіби журналдарын онлайн қолдануға мүмкіндік туғызылған.

adebiportal.kz  Әдебиет порталы өткен ғасырлар мен заманауи қазақстандық және шетел жазушыларының шығармалары қазақ, орыс, ағылшын, түрік тілдерінде онлайн тәртіпте қолжетімді түрде жинақталған бірегей Интернет қоры.

www.kitap.kz «Қазақстанның ашық кітапханасы» – онлайн жобаның негізгі мақсаты: ұлттық әдебиет, отандық ғылым және өнер өкілдерінің шығармашылық мұрасын жинақтау және электронды кітаптар, аудиокітаптар және музыкалық шығармалар түрінде насихаттау.

ModernLib.ru әр түрлі жанрлы электронды кітаптар жинақталған Электронды кітапхана. Барлық кітаптар онлайн оқуға және пайдаланушының қалауы бойынша бірнеше форматта жүктеп алуға қолжетімді орналастырылған.

madenimura.kz «Мәдени мұра» Қазақстанның мәдени жетістіктері туралы ақпараттық ресурс. Бұл ресурста еліміздің көпғасырлық рухани және материалдық мәдениеті және оны сақтау бойынша мемлекеттік жобалар орын алған.

proza.kz Қазақстандық әдеби сайтта авторлар өз шығармалары мен әдеби аудармаларын орналастыруға жағдай жасалған. Заманауи проза оқырмандары бұл жобаға қызығушылық таныта алады. Бұл сайтта өлең жазушыларға арнайы бөлім бар, сонымен қатар барлық оқырмандар оқыған шығармалары туралы өз ойын жаза алады.

 e-history.kz Порталда Қазақстан Республикасының тарихы, археология мен этнографиясы туралы мақалалар, басылымдар, монографиялар және диссертациялық зерттеулер орналастырылған. Порталда әр тарихи кезеңге бөлек парақша арналып, тақырыптар бойынша текшеленген.

Бөлісу