Ақан сері атындағы Көкшетау мәдениет колледжінде Қазақстан Республикасы халқының тілдері күніне арналған онкүндік жоғары деңгейде өткізілді.
Он күн бойы білім алушылар да, оқытушылар да тіл мен шығармашылық әлеміне қызықты, әрі танымды саяхаттың куәгерлері және белсенді қатысушылары болды.
Бірінші күн. Қазақстан халқы тілдері күніне арналған онкүндік «Мәңгілік елімнің – мәңгілік тілі» салтанатты жиынмен ашылды.
Салтанатты жиын барысынды қабырға газеаттері көрмесінің ашылу рәсімі өткізілді.
Екінші күн. Ағылшын тілі пәнінің оқытушысы Б.Т.Хамзина «Үш тұғырлы тілдің әлемі» зияткерлік ойынын өткізді. Ойынның мақсаты: Елбасының «Үштілділік» саясатын насихаттау, білім алушылардың қазақ тіліне, орыс тіліне, ағылшын тіліне қызығушылықтарын арттыру.
Үшінші күн. «Тіл мерейі-ел мерейі!» деген тақырыпта мәнерлеп оқу сайысы өтті. Cайысқа қатысушылар қазақ ақындарының патриоттық тақырыптағы өлеңдерін нақышына келтіріп, жатқа оқыды. Сайыстың келесі кезеңінде қазақ жазушыларының прозалық шығармаларынан үзінділер оқып, актерлік қабілеті мен дауыс мәнері сарапқа салынды.
Төртінші күн. Орыс тілінде оқитын 1 курс білім алушылары өздерінің мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін көрсетті. Сайысқа қатысушылар тақырыпқа байланысты мақал-мәтелдерді, қанатты сөдерді жатқа айтып, берілген сөйлемдердегі көп нүктенің орнын толтыру сияқты тапсырмалар орындады. Сайыстың қорытындысы бойынша 1 курс «Ана тілі» (Көпшілік қойылымдар ұйымдастырушы) тобы 1 орын, 1курс «Болашақ» (Педагог -Бишілер) тобы екінші орын, 1курс «Дизайнерлер» ДИ тобы 3 орынға ие болды.
Бесінші күн. 1-2 курс білім алушылары арасында «Мәңгілік еліміздің мәңгілік тарихы» атты шығармалар сайысы қазақ тілі және әдебиеті пәндерінің оқытушысы А.Қ. Ибрайханованың ұйымдастырылуымен өтті. Білім алушылар қазақ тілінің қолданылу аясы туралы өз ойларын жазып, толғандырған мәселелермен бөлісті.
Алтыншы күн. «Әлем ұлттарының ойындары» спорттық сайыстарын дене тәрбиесі пәнінің оқытушысы Н.Ш.Садыков ұйымдастырды. Білім алушылар ептіліктері мен шапшаңдықтарын көрсетіп, барлық ойындарға белсене қатысты.
Жетінші күн. Үш тілді меңгерген білім алушылар арасында «Тілдарын – 2018» олимпиадасы колледж білім алушыларының арсында үздік полиглоттарды анықтады. (Оқытушы – филологтар) Студенттер ықылас қойып қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілдерінен білімдерін көрсетті.
Сегізінші күн. «Let’s speak English» білім алушылар арасында сыныптан тыс іс-шараны ағылшын пәнінің оқытушысы Волевач С.В. өткізді. Ұйымдастырушылар сахналық қойылым дайындады.“Aboutmyself” және “Myworkingday” тақырыптары бойынша студенттер диалог құрастырып, үздік білімдерін көрсетті. Іс-шара қатысушы қонақтардың көңілінен шықты. Оларға білім алушылардың белсенділігі және пәнге деген қызығушылығы ұнады.
Онкүндіктің жабылуы шеңберінде салтанатты жиын өткізіліп, қорытынды жасалды, білім алушыларға дипломдар мен грамоталар тапсырылды.