Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2020 жылғы 4 мамырдағы №180 Бұйрыққа 1-қосымша
“Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарында білім алатын және тәрбиеленетін жекелеген санаттағы азаматтарға, сондай-ақ қорғаншылықтағы (қамқоршылықтағы) және патронаттағы адамдарға тегін тамақтандыруды ұсыну” мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары
Құжаттар тізбесі
1) белгіленген нысандағы өтініш;
2) туу туралы куәлік – көп балалы отбасылардың балалары үшін (2007 жылғы 13 тамызға дейін туылған жағдайда);
3) қорғаншылықты (қамқоршылықты), патронаттық тәрбиелеуді бекіту туралы анықтамалар – жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, отбасыларда тәрбиеленетін балалар үшін;
4) мүгедектігі туралы анықтамалар – мүгедектер және бала кезінен мүгедектер үшін немесе психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы – даму мүмкіндіктері шектеулі балалар үшін;
5) өтініш берушінің (отбасының) жергілікті атқарушы органдар ұсынатын мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілілігін растайтын анықтамалар – атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балалар үшін;
6) табысы туралы мәліметтер (жұмыс істейтін ата-аналардың немесе оларды алмастыратын адамдардың еңбекақысы, кәсіпкерлік қызметтен және басқа да қызмет түрлерінен түсетін табыстар, балаларға және басқа да асырауындағыларға алимент түріндегі табыстар) – мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардан шыққан балалар үшін.