Жаңа 2019 жылдың қарсаңында 24 желтоқсан күні Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжі театрландырылған бағдарламамен Ақмола облысында ұйымдастырылған Президент шыршасын өткізуге өз үлесін қосты, бағдарламаның бас режиссері – колледжіміздің оқытушысы Галина Леонидовна Кочетова. Облыс әкімі Мәлік Кеңесбайұлы Мырзалиннің қатысуымен өткен мерекеге Ақмола облысының барлық аймақтарынан балалар жиналды.

Балалар мен қонақтарды аниматорлармен бірге «Ит» (өткен жылдың символы) және «Доңыз» (келер жылдың символы) қарсы алды, сонымен қатар «Аяз Атаның поштасы» және «Көңілді клоундар» тақырыптық театрландырылған картинкалар ұйымдастырылды, Аяз Ата костюмдеріндегі ағашаяқтылар, бойлық мүсіндегі ертегі кейіпкерлері таң қалдырып, көңілді ойындар өткізді. Гномдар (Аяз Атаның көмекшілері) мерекелік сыйлықтарды жайғастырып, Аяз атаның қапшығын жинап, келген хаттарды оқып шыққан сияқты мереке алды жұмыстарын жүргізді.

Мереке жаңа жылдық ынта қосып, әр қонақты билеуге шақырған 50 Аяз Ата мен Ақшақардың орындауындағы жаңа жылдық флеш-мобпен басталды. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев экраннан балдырғандарға ең жарқын құттықтау сөздерін жолдады.

Ақмола облысының әкімі Мәлік Кеңесбайұлы Мырзалин құттықтап, әр балаға Қазақстан Республикасының Президенті – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың атынан жаңа жылдық сертификаттар мен сыйлықтар табыстады.

Аяз Ата және Ақшақармен бірге мерекеге келген түрлі мультфильм кейіпкерлері: Барбоскина, Олаф, Алдар Көсе, Клоундар, Лемур, Гномдар, Ит, Доңыз, Шляпник, Бармоглот келіп, өз ойындарымен көрермендер көңілінде өшпес әсер қалдырса, қызыл ханшайым мен оның нөкерлері жағымсыз кейіпкер болды. Театрландырылған қойылымның декорациясы мен костюмдері ерекше назар аударуға тұрарлық: зәулім көлемдегі кесек-қалқандар, жарқыраған костюмдер сиқырлық атмосфераны қалыптастырды. Шырша айналасындағы дәстүрлі дөңгелек би, әкіммен ескерткіш суретке түсу, би ойындары, сабын көбіктерінің шоуы, Аяз Атаға айтылатын тақпақтар, концерттік нөмірлер, костюмдер байқауы мен ойындар театрландырылған қойылымды толықтырып, нағыз ертегіге айналдырды.

Бөлісу