Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің білім алушылары мен оқытушылары 23 қаңтарда «ЭКСПО-2017» көрме орталығының «Нұр Әлем» павильонында өткен «Тәуелсіздіктің ұрпақтары» атты Жастар жылының салтанатты ашылу рәсімінің тікелей көрсетілімін тамашалады. Президенттің қатысуымен өткен форум колледж білім алушыларының қызығушылығын туғызды. Олар БАҚ жарияланымдарын күтпей-ақ, өздеріне маңызды ақпараттарды жазып алды. Білім, ғылым, әлеуметтік, тұрғын-үй, отбасылық және т.б. салаларда жастарды қолдау олар үшін маңызды. Осындай жаһандық іс-шаралар жастардың әрі қарай дамуына серпін береді.
Жастар жылының ашылуына арналған форум
Құрылған күні: 2019.01.23 15:01:08