2019 жылғы 24 қаңтарда Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің мәжіліс залында Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын түсіндіру және талқылау бойынша ауқымды іс-шара өткізілді. Аталған іс-шараға Ақмола облыстық ішкі саясат басқармасының бас маманы К.Ә.Жұмаенова шақырылды.
Іс-шара екі кезеңде өтті. Бірінші блок: колледж оқытушыларымен мақаланың негізгі тезистерін талқылау және түсіндіру. Адам өміріндегі құндылықтардың бірі – мәдениетке көп көңіл бөлінгендіктен, мақала мәдениет колледжі қызметкерлері үшін өзекті болып табылатыны сөзсіз. Талқылау мен түсіндіру барысында оқытушылар белсенділік танытты.
Іс-шараның екінші блогында Елбасының мақаласы колледж білім алушыларымен талқыланып, жастарға арналған маңызды мәселелер қарастырылды. Әр мамандықтың өкілдері мақаладан өздері үшін белсенді және жемісті талқыланған маңызды тармақтар тапты: атап айтсақ, кітапханашылар – «Ұлы даланың ұлы есімдері», дизайнерлер – «Ұлы даланың ежелгі өнер және технологиялар музейі», халық аспаптары оркестрінің жетекшілері – «Дала фольклоры мен музыкасының мың жылы», режиссерлер – «Тарихтың кино өнері мен телевизиядағы көрінісі».
Іс-шара колледж кітапханашысы А.Е.Хаджимуратованың «Ұлы даланың жеті қыры» атты көрмеге қойылған пайдалы да мазмұнды кітаптарға шолуымен аяқталды.