2019 жылғы 1 наурызда Ақмола облысының әкімі Мырзалин Мәлік Кеңесбайұлының облыстың белсенді жастарымен кездесуінде Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің «Педагог-мәдени демалыс ұйымдастырушы, көркемөнерпаз театр ұжымының режиссері» біліктілігінің оқытушылары мен студенттерінің бастамасымен құрылған «EL jastar» эксперименттік театрына қолдау көрсету мақсатында театрдың арт-директоры Хакім Хасамбайға1000000 теңге мөлшерінде сертификаттытабыс етті. Өз кезегіндеХакім Хасамбай аймақ басшысына кездесуді ұйымдастырғаны және жастар бастамаларына жан-жақты қолдау көрсеткені үшін алғыс білдіріп, облыс басшысын театрдыңкелесі премьерасы Д.Т. Саламаттың«Асқар мен асық» спектакліне шақырды. Мәлік Кеңесбайұлы театр шығармашылығына қызығушылық танытып, шақыруды қабыл алды.
«EL jastar» эксперименттік театры үстіміздегі жылдың 20 ақпанында башқұрт жазушысы А. И. Баймухаметовтың «Тастамашы мені, Ана» повесі желісімен, «Армандар кемесі» драмасымен ашылған болатын. Драманы сахналауға Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің оқытушылары:қойылым режиссері Ф.А. Канафин, балетмейстері Н.Б.Ибраева және қоюшы-суретшісі колледждің 2018 жылғы түлегі Ә.Жеңіс үлес қосты.
Облыс басшысына сенім мен қолдау көрсеткені үшін алғысымызды білдіреміз!
Жаңадан бастау алған EL jastar» эксперименттік театрға шығармашылық табыс тілейміз!