Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Жоғарғы мәдениет колледжінде нәзік жандарды тамаша мерекелік концертпен құттықтады! Іс-шара ерекше түрде өтті – жүргізушілерді мимдер мен клоундар ауыстырып, әрбір концерттік нөмірдің алдында пантомима болды. Көңілді атмосфера қызықты қойылымды әсерлі нөмірлермен ауыстырылып отырды. Колледждің «нәзік жандарын» А.В.Павлиди, Н.Н.Тилеубаева, К.А.Бекмолдина, Б.С.Даулетжанова, Д.В.Бронников, Р.Н.Мусафарханов, сонымен қатар БП, ХАОЖ, ТҰЖ, КҚҰ, ИД топтарының студенттері құттықтады.
Колледж фойесінде К.М.Кусаинованың жетекшілігімен дизайнерлердің тақырыптық көрмесі ұйымдастырылды.
Іс-шара соңында колледждің кәсіподақ комитеті әйелдер қауымын мерекемен құттықтап, гүл мен тәттілер табыс етті.