2019 жылғы 14 маусымда  Ақан сері атындағы  жоғары мәдениет колледжінің мәжіліс залында «Nur Otan» партиясы өкілдерінің оқу орны ұжымымен кездесуі өтті. «Арқа ажары» газетінің директоры Ж.Е.Ерғалиев ұжым алдында сөз сөйлеп,  ҚР Президентінің сайлауынан кейінгі партияның жұмысын қорытындылады, Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұлықтау рәсімі кезіндегі сөз сөйлеуіне түсінік берді.  Көкшетау қаласы ардагерлер кеңесінің төрағасы Шияп Алиев Президентті қолдау сөздерін айтты. Кездесу барысында колледж оқытушылары Ф.А.Канафин және Н.А.Мельник сөз сөйлеп,  Қ. Тоқаевтың ұсынған бастамаларын қолдады. Оқытушылар сұрақтар қойып, Қазақстанның одан әрі даму жолдары туралы өз пікірлерін білдірді.

Бөлісу