Ежелден-ақ дана халқымыз «Отан отбасынан басталады» деп, қоғамдағы отбасының құндылығына ерекше назар аударған. Жыл сайын 15-ші мамырда бүкіл әлем Халықаралық Отбасы күнін атап өтеді. Отбасы – сүйіспеншіліктің, құрмет пен ынтымақтың ошағы, яғни кез келген зиялы қоғамның діңгегі. Ұстаздық жолды абыроймен жалғастырып келе жатқан Мамбетовтар отбасы – ел танитын «Ұстаздар әулеті». Әулеттегі ұстаз жолын ұрпақтары жалғастырып келеді.
https://www.instagram.com/tv/CAfYdArgWRa/?igshid=1h8fyf4xml0al