2020 жылғы 22 мамырда Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Көкшетау қ. Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжі» МКҚК жанындағы «Өнер және мәдениет» саласы  бойынша республикалық оқу-әдістемелік бірлестігінің базасында «Шығармашылық пәндерді қашықтықтан оқыту» тақырыбында вебинар өтті. Вебинарға Көкшетау қаласы, Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің,  Солтүстік Қазақстан кәсіптік – педагогикалық колледжінің, Қостанай педагогикалық колледжінің, Жаяу Мұса атындағы Ақсу жоғары көпсалалы колледжінің, «Қазақ ұлттық хореография акдемиясы» КЕАҚ, Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжінің, Қаскелен мәдениет коллджінің,   Сарқан гуманитарлық колледжінің, Семей көпсалалы колледжінің, Халық әртістері ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер училищесінің, Инновациялық Еуразия Университетінің Екібастұз колледжінің «Әлеуметтік-мәдени қызмет және көркем өнер шығармашылығы», «Кітапхана ісі» мамандықтары бойынша оқытушылары, әдіскерлері, директордың орынбасарлары қатысты.

Вебинар барысында Қаскелен мәдениет колледжінің кітапханалық пәндер оқытушысы Ш. Б. Мұқашева, Сарқан гуманитарлық колледжінің арнайы пәндер оқытушысы М. С. Есполова және Көкшетау қаласы, Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің оқытушысы Д.В.Бронников  қашықтықтан оқыту жағдайында жұмыс тәжірибесімен бөлісті,  сондай-ақ вебинарға қатысушылар қашықтықтан оқыту жағдайында одан әрі жұмыс істеу, аралық және қорытынды аттестаттауды өткізу бойынша ағымдағы мәселелерді талқылады.

 

Бөлісу