Елімізде 1997 жылдан бері 31 мамыр жыл сайын «Саяси қуғын –сүргін құрбандарын еске алу күні ретінде аталып келеді. Ұлты мен діні, тілі мен діліне қарамастан, мыңдаған адамдар тоталитарлық жүйенің құрсауына тү¬сіп, өзгеше ойлағаны үшін кінасыз сотталып, ту¬ған жерлерінен аяусыз айдалып, түр¬мелерде жазықсыз көз жұмды. Тарихшылардың мәліметі бойынша 1937-1938 жылдары елімізде 100 мыңнан астам адам қуғын-сүргінге ұшырады, ал бұл тізімге енген адамдардың төрттен бір бөлігі ату жазасына кесілді. Олардың арасында қазақ зиялылары: ғалымдар, мәдениет және саясат саласының қайраткерлері болды. Адамзат баласы өз өткенін, тарихын ешқашан ұмытпауы керек.Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің оқытушысы Кажмуратова А.К. «Дәуірдің қайғылы ескерткіші» тақырыбында тарихи сағат өткізді.
31 мамыр – Қазақстандағы саяси қуғын – сүргін құрбандарын еске алу күні.
Құрылған күні: 2020.05.31 10:45:31