16.11.2020 ж. 2-4 курс үшін қысқы аралық аттестаттауды дайындау бойынша онлайн-кеңес өтті. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Р. Баткульдина қысқы аралық аттестаттаудың өту мерзімімен және кестесімен таныстырды.
1-кезең: 21.12.-25.12.2020 ж. келесі мамандықтар бойынша 2-3 курстар үшін:
– «Әлеуметтік – мәдени қызмет және халықтық көркем өнер шығармашылығы»;
– «Актерлік өнер»;
– «Дизайн (бейіні бойынша) 2-4 курстар үшін.
2-кезең: 25.01. – 29.01.2021 ж.
– «Әлеуметтік – мәдени қызмет және халықтық көркем өнер шығармашылығы» мамандығы бойынша 4 курстар үшін.
Сондай-ақ ҚОТ пайдалана отырып, аралық аттестаттауды өткізу нысандары оқытушылармен келісілді.
К.Г.Мусина College SmartNation платформасына аралық аттестаттау материалдарын жүктеу әдістерін көрсету арқылы, оқытушылар арасында нұсқаулық өткізді.