2020 жылдың 19 қарашасында Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің 1, 2 курс студенттеріне арналған ZOOM платформасында “Темекі шегудің алдын алу” тақырыбында іс-шара өтті. Бұл онлайн-кездесуді салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының дәрігері Анар Мұратқызы өткізді, ол темекі өнімдерін пайдаланудың қандай жағымсыз салдары болуы мүмкін екенін айтып, көрнекі түрде (презентация түрінде) көрсетті. Кездесу әңгіме түрінде өтті, онда студенттер тақырып бойынша өздерін қызықтырған кез-келген сұрақтарға жауап ала алды. Іс-шара өте танымды болды.

Бөлісу