Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің «Педагог-мәдени демалыс  ұйымдастырушы, көркемөнерпаз театр ұжымының режиссері»  біліктілігінің білім алушылары  Ақмола облысының колледждері арасында өткен «Парасатты қоғам» бейнебайқауына қатысып 2 орынға ие болды. Байқауды Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департаменті ұйымдастырды.

Осы байқаудың негізгі міндеттері:

– Қазақстан Республикасында жүзеге асырылатын мемлекеттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты танымал ету;

-қазіргі қоғамдағы сыбайлас жемқорлықпен күресу проблемасына назар аудару;

– сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және сыбайлас жемқорлыққа «нөлдік» төзімділікті қалыптастыру.

Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздарға диплом мен сыйлықтар табысталды. «Саналы ұрпақ »клубына алдағы уақытта да сәттілік тілейміз!

Бөлісу