2021 жылғы 08 ақпанда «Көкшетау қаласы, Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжі» МКҚК-да «Өнер және мәдениет» бейіні бойынша оқу-әдістемелік бірлестік базасында «Қазіргі заманғы жағдайда әлеуметтік – мәдени сала мамандарын даярлау мәселелері» тақырыбында республикалық онлайн-семинар өтті.

Семинарға «Talap» КЕАҚ, Нұр-сұлтан қаласының «Қазақ ұлттық хореография академиясы» КЕАҚ өкілдері, Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Қызылорда, Қостанай, Алматы, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстарының техникалық және кәсіптік,  орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары директорларының орынбасарлары, әдіскерлері, арнайы пәндер оқытушылары қатысты.

Семинардың негізгі мақсаты – ОӘБ мамандықтары бойынша оқу үрдісін ұйымдастырудың өзекті мәселелерін талқылау, «Өнер және мәдениет» бейініндегі колледждердің білім беру үрдісіне WorldSkills стандарттарының талаптарын енгізу бойынша дуальді оқытуды қолдану жөнінде тәжірибемен алмасу.

Семинар барысында Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің директоры және ОӘБ төрайымы К.Ғ. Идрисова, ТжКББ мазмұнын жаңарту департаментінің бас менеджері Ерке Қалиақбарұлы Сыздықов, Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжі директорының орынбасарлары Г.А.Кадралиева, Р. Б. Баткульдина және Қаскелең мәдениет колледжі директорының орынбасары Н. К. Декембаева, Қостанай педагогикалық колледжінің хореография бөлімінің меңгерушісі С. М. Доспанова, Халық әртістері ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер училищесінің арнайы пәндер оқытушысы Н. Г. Матвеева сөз сөйледі.

Семинарға қатысушылар ТжКББ ұйымдарында білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында әлеуметтік-мәдени сала мамандарын даярлаудың ағымдағы мәселелерін талқылады. Семинар соңында ұсыныстар қабылданып, алғыс хаттар табыс етілді.

Бөлісу