2021 жылғы  07-08 сәуірде Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінде «Жас маман» жобасы аясында сатып алынған жаңа жабдық – бұрғылау-қондыру станогын пайдалану бойынша оқыту өтті.  Станокпен жұмыс жасауды оқыту мектебін бірінші болып  «Дизайн (бейін бойынша)» біліктілігінің арнайы пәндерінің оқытушылары мен колледж қызметкерлері өтті. Бұл станок «Интерьерді функционалды кеңістіктік ұйымдастыру» кабинетіндегі  жинақтаушы жабдық болып табылады.

«Жас маман» мемлекеттік жобасын іске асыру бойынша алдағы жұмыстарға сәттілік тілейміз.

Бөлісу