Жаңа оқу жылының басталуы –  ең жарқын, қызықты және есте қаларлық мереке. Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінде күздің бірінші күні – Білім күнін мерекелеудің игі дәстүрі бұрыннан қалыптасқан. Биылғы жылы колледждің есігі 114 бірінші курс студенттеріне ашылды. 2-4 курс студенттері де назардан тыс қалған жоқ.

Қазіргі эпидемиологиялық жағдайға байланысты алғашқы дәстүрлі жиын болған жоқ. Барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып, «Тәуелсіздік жетістіктері» тақырыбына кураторлық сағаттар өткізілді. Кураторлық сағаттар барысында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі, Конституция, Тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктер тақырыптары ашылды.

Барлық студенттерді жаңа оқу жылының басталуымен құттықтаймыз! Үлкен жеңістер, шығармашылық құлшыныс және оқуда табыс тілейміз.

Бөлісу