1. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы білім алушыларға жатақхана беру;
  2. Техникалық және кәсiптік бiлiм туралы құжаттардың телнұсқаларын беру;
  3. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау;
  4. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім алуды аяқтамаған адамдарға анықтама беру;
  5. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушыларды ауыстыру және қайта қабылдау;
  6. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын беру (растау) үшін оларды аттестаттаудан өткізуге құжаттарды қабылдау;
  7. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарындағы тәрбиеленушілер мен білім алушылардың жекелеген санаттағы азаматтарына, сондай-ақ, қорғаншылық (қамқоршылықтағы) пен патронаттағы тұлғаларына тегін тамақтандыруды ұсыну;
  8. Білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыс беру

 

Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша ақпаратты келесі  мекен-жай бойынша алуға болады: Көкшетау қ., Жамбыл Жабаев көшесі, 140,  тел.  8716-2-32-91-86.

  1. Мемлекеттік қызметті техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі оқу орындары және жоғары оқу орындары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

2) “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы” коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорациясы);

3) “электрондық үкіметтің” веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

 

Бөлісу