«BILIM -ORKENIETI» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы «Үздік жас маман-2021» республикалық конкурсын өткізді. Байқаудың негізгі мақсаты: республика педагогтары арасында байланыс орнату және педагогтардың инновациялық идеяларын кеңейте отырып үздіктерін анықтау.
Колледждің жас педагогтары Бексеит Мадина Исасеитқызы мен Журба Елена Михайловна жеңімпаздар атанып, «Үздік жас мамандар» Республикалық жинағына кірді. Марапаттау рәсімі 2021 жылдың қараша айында Нұр-Сұлтан қаласында өтеді.
Біз жас әріптестерімізді құттықтаймыз және шығармашылық табыс тілейміз.