Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы  қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 2 желтоқсандағы Жарлығы бойынша Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің басшысы  Идрисова Құралай Ғазизқызы «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалімен марапатталды.

Құралай Ғазизқызы оқытушылардың  өз қызметтерін жетілдіруге талпындыра алатын, жаңа идеяларды іске асыру қабілетіне ие, түрлі қызмет саласындағы тәжірибесі мол,  лидерлік қасиеттерді бойына дарытқан басшы.   Ұжымның әр мүшесіне көңіл бөле отырып, тұлғаға шынайы және құрметпен қарау, қызметкерлердің мұқтаждарына назар аудару, олардың мүдделерін қорғау сияқты құндылықтардан негізделген қарым-қатынасты құру арқылы қызметкерлер тарапынан бастаманы  ынталандырады.

Қадірлі Құралай Ғазизқызы, нәтижеге жетуде шексіз талап қоя білетін басшы ретінде Сізді әріптестеріңіз құрмет тұтады. Бүгінгі марапатыңыз құтты болсын! Қоғамдағы дәрежелеріңіз бен кәсіби деңгейіңіз арта берсін!

 

Бөлісу