2022 ж. 7-18 ақпан аралығында Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінде жалпы білім беру пәндерінің онкүндігі өтті. Пәндік онкүндіктің мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, жалпы білім беру цикліндегі пәндерді дәріптеу, студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамыту, жасөспірімдердің жалпы мәдениетін тәрбиелеу.

Онкүндіктің ашылуы жоғары мәдениет колледжінің оқытушылары мен студенттерінің спорттық командалары арасындағы «Спорт – денсаулық кепілі» турнирінен басталды. Ойынның нәтижесі сергектік, жақсы көңіл-күй және жағымды эмоциялар болды.

Келесі күндері білім алушылар «Мерген» атудан, волейболдан, «Химия және биология қиылыстары» зияткерлік ойынынан, физика және информатика білгірлері турнирінен колледжішілік жарыстарға қатысты. Студенттер үшін “Волейбол: техникалық-тактикалық дайындықты жетілдіру” тақырыбы бойынша дене шынықтыру, “Белгілерді мұрагерлеудің цитологиялық негіздері” биология бойынша ашық сабақтар, “Сенің денсаулығың – сенің қолыңда” дөңгелек үстелі, “Иммунитетті қалай арттыру керек” ақпараттық сағаты өткізілді.

Білім алушылардың пікірінше, жалпы білім беру пәндерінің онкүндігі танымдық, қызықты және пайдалы өтті. Студенттер өздері үшін жасаған басты қорытынды: денсаулық үшін жауапкершіліктің ең үлкен үлесі өз қолында.

Жоғары мәдениет колледжінің әдістемелік жоспарына сәйкес және тәжірибе алмасу мақсатында іс-шараға Көкшетау қаласы, Біржан сал атындағы музыкалық колледжінің оқытушылары мен студенттері шақырылды.

Онкүндіктің соңғы күнінде пәндік комиссияның педагогтары дизайн пәндерінің оқытушысы К.М. Кусаинова ұйымдастырған қызықты шығармашылық қызметке –арт-терапия бойынша шеберлік сыныбына қатысты. Интерактивті шеберлік сыныбы  барысында оқытушылар өздерінің өзекті көңіл-күйін диагностикалап, ішкі сезімдерін, эмоцияларын және уайымдарын білдірді, сондай-ақ өздерін көрсету және өзін-өзі дамытумен айналыса алды.

Бөлісу